Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылғы 1 қазаннан бастап алғаш рет №1/2 «Алматы – Ташкент» халықаралық пойызының құрамында «Әйелдер вагоны» қызметін іске қосады. Аталған пойыз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тұрақты теміржол қатынасын қамтамасыз етіп, екі елдің ірі қалаларын байланыстырады.
«Алматы – Ташкент халықаралық бағыты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар қатынасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бағытқа сұраныстың артуы және жолаушылар ағынының өсуі ескеріле отырып, осы бағытта «Әйелдер вагонын» іске қосу туралы шешім қабылданды. Бұл қызмет ішкі теміржол бағыттарында да жолаушылар арасында жоғары сұранысқа ие. «Әйелдер вагоны» қызметі іске қосылғаннан бері оны 946 мыңнан астам жолаушы пайдаланды»,— деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.
Қазіргі уақытта пойыз күн сайын қатынайды:
Жаңа вагонның іске қосылуына байланысты «Әйелдер вагоны» қызметі қолжетімді бағыттардың саны 14-ке жетеді:
«Әйелдер вагонында» ересек адамның еріп жүруімен жеті жасқа дейінгі ұл балаларды қоса алып жүруге рұқсат етіледі. Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады, ал жолаушыларға тек жолсерік әйелдер қызмет көрсетеді. Билеттерді теміржол кассаларынан кассирге «Әйелдер вагонын» таңдағанын хабарлау арқылы, сондай-ақ, bilet.railways.kz ресми сайтында онлайн сатып алуға болады.
Билет рәсімдеу кезінде орынның әйелдер вагонына тиесілі екенін білдіретін «ЖН» белгісіне назар аудару қажет. Билеттер пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын сатылымға шығарылады. Бұл жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!