Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жазғы демалыстың басталуымен бірге балаларымен теміржол арқылы сапар шегетін жолаушылардың саны артуда. Осыған байланысты Ұлттық тасымалдаушы балаларды пойызбен тасымалдау тәртібіне ерекше назар аударуға шақырады.
Ата-аналар 7 жасқа дейінгі бір баланы жеке орынсыз тегін алып жүре алады. Егер балаға бөлек орын қажет болса, онда міндетті түрде балалар билеті рәсімделуі тиіс. Егер отбасыда 7 жасқа дейінгі бірнеше бала болса, әрбір ересек жолаушы тек бір баланы ғана тегін алып жүре алады, ал басқа балалар үшін міндетті түрде балалар билеті сатып алынады.
7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар пойызда арнайы балалар билетімен ғана сапарлай алады. Мұндай билет ересектерге арналған жолақының 50%-ын құрайды.
15 жастан асқан балаларға толық құны бар ересектер билеті рәсімделеді. Олар пойызда өздігінен сапарлай алады, алайда бұл жағдайда олардың қолында ата-анасының немесе заңды өкілінің нотариалды расталған жазбаша рұқсаты болуы қажет.
Мемлекетаралық бағыттарда балаларды тасымалдау келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
Егер бала ата-анасымен бірге сапарлайтын болса,билет сатып алу және пойызға отыру кезінде баланың туу туралы куәлігі немесе төлқұжаты көрсетілу қажет. Егер баланы заңды өкілі саналмайтын адам ертіп жүрсе, онда екі ата-ананың нотариалды куәландырылған рұқсаты талап етіледі.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауға және балалардың үнемі ересектердің қарауында болуын қатаң түрде қадағалауды шақырады.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы