Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жаңа жылдық маусымда жолаушылар ағыны айтарлықтай өсетінін ескере отырып, Ұлттық тасымалдаушы сұранысты толық қанағаттандыру мақсатында қосымша пойыздарды іске қосуда. Бұл рейстер шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қосымша пойыздар келесі бағыттарда қатынайды:
• №201/202 «Алматы-2 – Астана-1» Алматыдан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 2, 4 қаңтар. Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан және 2026 жылғы 3, 5 қаңтар.
• №203/204 «Астана Нұрлы жол – Шымкент» Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар. Шымкенттен жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 25, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.
• №257/258 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол» Ақтөбеден жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар. Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 24, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар. Пойыз құрамында стандартты купе және плацкарт вагондары бар.
Сонымен қатар, сұранысы жоғары бағыттарда пойыз құрамдарына 584 қосымша вагон тіркеледі. Осы арқылы жолаушыларға 30 мыңнан астам қосымша орын қолжетімді болады. Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан сатып алуға болады.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жаңа жыл қарсаңындағы билеттердің тез сатылып кететінін ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек алуға кеңес береді. Егер сатып алу сәтінде бос орындар болмаса, жолаушылар «Күту парағы» қызметің тегін пайдалана алады. Бұл сервис орын босаған жағдайда автоматты түрде хабарлап, билетті рәсімдеуге мүмкіндік береді. Хабарлама жолаушының жеке кабинеті немесе SMS арқылы жіберіледі. Қызмет сайтта және билет кассаларында қолжетімді. Оны пойыз жөнелтілуіне 7 күнге дейін және 2 сағаттан кеш емес уақытты рәсімдеуге болады.
Толық ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады. Пойыздар қозғалысы туралы мәлімет tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-табло арқылы қолжетімді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
36
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
55
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды