Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық филиалдарында және бағыттарында жолаушылар пойыздарын қысқы кезеңге дайындау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта компания паркінде 2 188 вагон бар: оның ішінде 1 317- стандартты, 732 – Talgo пойыздары, 108 - электр-дизельді вагондар. Барлық жылжымалы құрам кезең-кезеңімен қысқы пайдалану талаптарына сәйкес дайындықтан өтуде.
Әрбір пойызда жылыту жүйелерінің үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін тексеру мен сынақ жүргізіледі. Салондағы қолайлы температураны сақтау мақсатында желдету жүйелері диагностикадан өткізіледі. Есік пен терезелердің герметикалығы қадағаланып, қажет болған жағдайда резеңке тығыздағыштар ауыстырылады.
Төмен температура мен қарлы боран жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тежеу жүйесіне ерекше көңіл бөлінеді: барлық қозғалыс бөліктері майланып, қатудың алдын алу шаралары жүргізіледі. Пойыздардың сыртқы элементтері қар мен мұз жиналмауы үшін тазаланып, тексеруден өтеді.
Компанияның техникалық парктерінде тәулік бойы жоспарлы тексерулер ұйымдастырылған: вагондардың жүріс бөліктері мен асты қаралады, кузовтары жуылады, тораптары тазаланады, тығыздағыштар ауыстырылып, анықталған ақаулар дер кезінде жойылады. Әр рейс алдында вагондар толық санитарлық және дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Барлық беттер мұқият тазартылады, ал дезинфекция санитарлық талаптарға сәйкес арнайы құралдармен жүргізіледі.
Пойыз бригадалары да қысқы кезеңге дайындалуда. Қызметкерлер қысқы формаға көшіп, қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі. Әрбір сапар алдында олар міндетті медициналық тексеруден өтеді. Сондай-ақ, персоналға еңбек қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету және қызметтік этика бойынша тұрақты нұсқаулықтар өткізіледі.
Барлық дайындық жұмыстары аяқталған соң арнайы комиссия тексеріс жүргізіп, жылжымалы құрамның қысқы маусымда сенімді әрі қауіпсіз жұмысқа толық әзірлігін растайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
76
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы