Главная Новости Ұлытау облысында 7 жайлы мектеп бой көтереді
27 ақпан 2023, 16:30 984

Ұлытау облысында 7 жайлы мектеп бой көтереді

Ұлытау облысында 7 жайлы мектеп бой көтереді

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлымен кездесті.

Кеңес барысында білім, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының басшылары қатысып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша бірінші кезектегі шаралар талқыланды. Атап айтқанда, жер телімдерін бөлу, инженерлік коммуникацияларды жүргізу, сондай-ақ құрылыс материалдары мен жабдықтарын жергілікті өндірушілердің қатысуы мәселелері қаралды.

Ұлытау облысында жаңа форматтағы 7 білім беру ордасын салу жоспарлануда, оның 3-і ауылдық жерлерде болады. Samruk-Kazyna Construction (ұлттық жобаның нысаналы құрылысы Дирекциясы) 2024 жылы 1 мектептің, 2025 жылы 6 мектептің құрылысын аяқтауды көздеп отыр.

Сондай-ақ, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы ескі тұрғын үй қорын жаңарту (реновация) бағдарламаларын іске асыруға Samruk-Kazyna Construction қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: