Главная Новости «Ұмтылfest» : үміткерлер іріктеліп жатыр
16 сәуір 2024, 12:43 440

«Ұмтылfest» : үміткерлер іріктеліп жатыр

«Ұмтылfest» : үміткерлер іріктеліп жатыр

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның спорттық іс-шарасы «ҰмтылFest» биыл да жалғасын тапты. Бұл компанияның корпоративтік саясатының бір бөлігі болып табылады. Себебі спортпен айналысу тек денсаулықты нығайтып қана қоймай, адамның ерік-жігері мен қажыр-қайратын да нығайтады. Ал бұл қасиеттер бойында бар адам қызметте де кез келген қиындықты еңсеретін болады.

Жарысқа компания филиалдарынан 3 команда қатысты. Әрқайсысы 10 адамнан құралған «Болашақ», «Локомотив», «Мастера, а так» командалары эстафеталық жарыстың 10 түрінен бақ сынасты. Жарыстың ашылу салтанатына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Уәлихан Уайсов пен Магистральдық желі дирекциясының Адами ресурстарды басқару департаменті директоры Айсұлу Елеукен қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. 

Ойыншылар бір біріне ұқсамайтын іс-қимыл, әрекетке толы «Жылдам», «Үйрек»», «Хоккейші», «Аралас эстафета», «Фитбол», «Теннис шарымен эстафета», «Жұппен жүгіру», «Тәртіп орнат», «Көңілді» және «Бауырсақ» деп аталатын эстафеталық ойындарға қатысып, үш команданың қай-қайсысы да мәреге алдымен жетуге ұмтылған тайталас пен қызыққа толы ойын болды.  

Әр жарыста бірінші келгендер 10 балл, екінші келгендер 9 және үшінші келгендер 8 баллмен бағаланды. Алайда ойын шарттарын бұзған командадан әр бұзған жағдай үшін 0.5 балдан шегеріліп отырды. Нәтижесінде жылдам әрі шебер ойын көрсеткен «Мастера, а так» командасы жеңіске жетті. Екінші орынды әділ, таза, ереже бұзбай ойнаған «Болашақ» командасы алды. Ал үшінші орынды «Локомотив» тобы иеленді.  

– Жарыс өте қызықты өтті. Өзім бұл жарысқа осымен үшінші рет қатысып отырмын. Бір жарыста екінші, тағы бірінде үшінші орын алдым. Ал алдағы финалдық бәсекені көре жатамыз. Кіл мықтының бәсекесі сол кезде болады, – дейді «Қазтеміртранс» АҚ баспасөз хатшысы, жеңімпаз «Мастера, а так» командасының мүшесі Мәди Мұхамедқали.  

Жеңген команда енді тағы да өзге құрылымдық бөлімшелер, портфельдік компаниялар арасынан финалға шыққандармен жарысып, соңғы топ ҚТЖ атынан жарыстарға қатысады.  

Райхан Рахметова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: