Главная Новости Үндістан теміржол станцияларын жаппай жаңғыртуды бастайды
04 қыркүйек 2023, 13:14 1191

Үндістан теміржол станцияларын жаппай жаңғыртуды бастайды

Үндістан теміржол станцияларын жаппай жаңғыртуды бастайды

Үндістанда Amrit Bharat Railway Stations деп аталатын теміржол станцияларын ауқымды жаңарту бағдарламасы іске қосылмақ, деп хабарлады Rail-news.kz. Бағдарламаның іске қосылатыны жайлы елдің премьер-министрі Нарендра Моди мәлімдеді.

Жоба аясында 1309 станция жаңартылады. Бастапқыда 27 штаттағы және одақтық аумақтардағы 508 станцияны қайта құру жүзеге асырылады. Аталған жобаның жалпы құны 244,7 млрд үнді рупиіне бағаланып отыр.  

Қазір қала ландшафты және қоғамдық көлік схемаларымен бірге вокзалдарды дамытудың кешенді жоспарлары әзірленуде.

Іске асқалы отырған бұл жоба алдымен жолаушыларға, оның ішінде жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ станциялардың көліктік қолжетімділігін қамтамасыз етуді барынша арттыруға бағытталған. Күту залдары бар ғимараттарды қайта құру жүргізіледі, жаңа алаңдар салынады. Жолаушылар тегін Wi-Fi желісімен қамтамасыз етіледі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: