Главная Новости Ұңғымаларды күрделі жөндеу – үздіксіз өндіріс кепілі
14 сәуір 2022, 09:30 3232

Ұңғымаларды күрделі жөндеу – үздіксіз өндіріс кепілі

Ұңғымаларды күрделі жөндеу – үздіксіз өндіріс кепілі

Қаражанбастың өндірістік өмірінде барлық бөлімшелер өз міндеттерін мінсіз атқарып, ортақ мүддеге жету жолында абыройлы еңбек етеді. Оның ішінде ұңғымаларды бұрғылау және күрделі жөндеу – аса маңызды процесс. Аталмыш жұмысқа дайындық кезеңінің өзі көп уақытты талап етеді. Бұл салада өз ісін жетік меңгерген нағыз кәсіби мамандар жұмыс істейді.

Бұрғылаушы Жәли Қармысов 30 жыл бойы ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу процесіне атсалысып келеді. Ол Қаражанбастағы еңбек жолын бұрғылау ерітінділерін дайындау блогының слесарі болып бастады. Кейін шеберлігі мен біліктілігін арттырып бұрғылаушы көмекшісі, көп ұзамай бұрғылаушы болды.

«Мен сораптарды ауыстырып, ұңғымаларды жөндеумен, шегендеу құбырларының герметикалығын қалыпқа келтіру және ұңғыманың басқа да жұмыстарымен айналысамын. Жөндеу кезеңі жұмыстың күрделілігіне байланысты кем дегенде 12 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Біздің жұмысымыз ауыр физикалық еңбекті талап етеді. Сондықтан оған төзімділік пен мықты денсаулық қажет. Бұрғылау нағыз ер адамдардың жұмысы деп бекер айтпаса керек», – дейді ол.

БжҰЖКЖБ жұмыс технологиясын қамтамасыз ету және персоналды басқару, жабдықтарды жөндеу мен бригадаларға құрал-жабдықтар жеткізетін екі бөлімнен тұрады. Орталық кеңсе мен кен орнындағы қызметкерлер арасындағы берік байланыс еңбек ұжымын табысқа жетелейді. Олар қыстың қытымыр аязы мен жаздың аптап ыстығында ұңғыма басында бір-бірін сөзсіз түсініп, жұмысын жауапкершілікпен атқарады. Соның нәтижесінде былтыр 113 ұңғыма бұрғыланып, 3486 ұңғыма жөнделді. Бұл бригадалардың атқарған адал да қажырлы еңбегінің жемісі.

«ҚБМ өндірісті жаңғырту және оңтайландыру бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Атап айтсақ, бұрғылау қондырғысын дайындау блогы мен тазалау жүйесі жаңғыртылды. Бригадалардың бейнебақылау жүйесі қалыпқа келтірілді, мобильді кешендер, құралдар мен жұмыс алаңдарына қол жеткіздік. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын тауып, ҰЖКЖ-ге қажетті жабдықтар сатып алынады», – деді БжҰЖКЖБ басшылығы.

Компания құрылымындағы негізгі басқарманың бірі болашаққа айқын жоспар құрып отыр. Интеграциядан кейінгі техникалық жабдықтау және жұмысшылар жағдайы басшылықтың ерекше назарында. Негізгі міндет - ұңғымаларды үздіксіз және сапалы бұрғылау мен жөндеу арқылы мұнай өндіру көлемін арттыруға жағдай жасау.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: