Главная Новости Ынтымақ – тұрақты даму кепілі
25 қараша 2022, 09:00 583

Ынтымақ – тұрақты даму кепілі

Ынтымақ – тұрақты даму кепілі

«Қаражанбасмұнай» АҚ келісім комиссиясы мүшелері еңбек дауларын талдау, заңнаманы қолдану және келіссөздер жүргізу бойынша оқытудан өтіп жатыр. Комиссия құрамында ҚБМ Басқармасы, құрылымдық бөлімшелер басшылары, кәсіподақ төрағалары және бірқатар қызметкерлер бар.

Спикерлер: еңбек құқығы саласындағы белгілі заңгер, 70-тен астам ғылыми мақала авторы Дәулетбай Рысқалиев, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі тренер-медиатор Жанділда Жақыпов.

Келісім комиссиясы еңбек даулары туындаған жағдайда медиатор қызметін атқарады. Сондықтан комиссия мүшелерінің арнайы білімі ғана емес, келіссөздер жүргізу үшін қажетті дағдыларды меңгеруі шарт. Осыған орай, оқытудың бірінші күнінде қатысушылар еңбек дауларының негізгі себептері және оларды шешу жолдарын талқылады. Дауларды болжау, келіссөздегі Гарвардтық әдістің ерекшеліктері, жалпы процесс ережелері, стратегиясы мен тактикасы туралы айтылды.

Тренингтің келесі блогы жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиясын қалыптастыру тәртібін, сотқа дейінгі қараудың баламалы тәсілдерін, білім беру тәртібін, өкілді органдардың құқықтары мен міндеттерін қамтыды.

Қатысушылар нақты мысалдар мен жағдайларды келтіре отырып, пікір алмасу барысында теориялық білімін нығайта түсті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: