Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жолаушылар тасымалы» АҚ клиентке сапардың бірнеше кезеңнен тұратын оңтайлы маршрутын таңдауға мүмкіндік беретін темір жол билеттерін сатудың жаңа қызметін іске қосты, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әзірге мұндай мүмкіндік тек ұлттық тасымалдаушының билет кассаларында ғана бар, алайда алдағы уақытта қызмет онлайн режимде қолжетімді болады.
«Көбіне жолаушылар билет сатып алу кезінде тікелей бағыттағы маршрутты таңдайды. Ал кей қауырт кезде арада басқа станцияда пойыз ауыстыру арқылы межелі жеріне жету қажеттілігі туындайды. Әсіресе, тәкелей бағытта билет болмаған жағдайда. Осыны ескеріп, біз жаңа қызметті іске қостық. Билет кассирі жолаушыға бір немесе бірнеше пойыз аясында қажетті маршрутты таңдауға көмектесе алады. Бұл ретте темір жол билетін рәсімдеу, ауысып отыру пункттерінде келісілген пойыздардың келуі мен жөнелтілуі арасындағы кемінде 1 сағат айырмасын ескере отырып жүзеге асырылады», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының Маркетинг және сату жөніндегі орынбасары Виктор Бошманн.
«Нұрлы Жол» теміржол вокзалының билет кассасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Алмагүл Ысқақованың түсіндіруінше, қажетті орын болмаған жағдайда жолаушы өзінің жүріп-тұруы үшін қандай да бір маршрутты таңдауға құқылы. Мысалы, Нұр-Сұлтаннан Алматыға дейін ол бірінші билетті Қарағандыға дейін, ал екіншісін Қарағандыдан Алматыға дейін ала алады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
53
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы