Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақстан авиация әкімшілігі» АҚ Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу-қону жолағы бетінің жағдайы туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматын – Global Reporting Format қолдану бойынша ИКАО стандарттарын енгізу жөніндегі жұмысты сәтті аяқтады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2021 жылғы 4 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының сертификатталған әуе айлақтарын пайдаланушылар ИКАО-ның жаңа әдіснамасы бойынша ҰҚЖ бетінің жағдайы туралы хабарламаны беруге және бағалауды орындауға кірісті.
GRF енгізілуімен Қазақстан Республикасында алғаш рет ұшу экипаждарына «SNOWTAM» қар хабарламаларын жариялау басталды. Алғашқы болып SNOWTAM-ды Қостанай, Павлодар, Алматы әуежайлары жариялады.
ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігі саласындағы жаһандық мақсаттарының бірі ұшу-қону жолағындағы операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Атап айтқанда, әуе кемелерінің ұшып-қону жолағынан тыс шығуына байланысты авиациялық оқиғалардың үлесі шамамен 15%-ды құрайтындықтан, әуе кемелерінің шығып кету санын қысқарту, бұл ретте осы оқиғалар санатына барлық авиациялық апаттардың 50%-ы келеді. Ұшу-қону жолағынан тыс шығып кету жағдайларының 80%-ы қысқы уақытта атмосфералық жауын-шашынның болуы салдарынан ұшу-қону жолағында ілінісудің төмендеуіне байланысты.
GRF әдістемесі ұшу-қону жолағы бетінің жағдайына бағалау жүргізуге және хабарламаны дайындауға бүкіл әлемде біркелкі тәсілді қамтамасыз ете отырып, онда атмосфералық жауын-шашын болған кезде әуе кемелерінің ұшу-қону жолағынан тыс шығып кету жағдайларының алдын алу арқылы ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
ҰҚЖ-ның жай-күйі туралы хабарламаны әуе кемелерін өндіруші ұсынған ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамалары туралы деректермен салыстыра отырып, ұшу экипажы қауіпсіз қону үшін ұшу-қону сипаттамаларын есептей алады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
49
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы