Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» қоры және «Самғау» Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы портфельдік компаниялар арасында «Үздік инновациялық компания» байқауының басталғанын хабарлайды.
Мақсаты – жаңашыл идеяларды қолдау, тиімді тәжірибе алмасу, өндірістегі жұмысты жетілдіру және жаңа шешімдер ұсынудағы белсенділікті ынталандыру.
Байқау номинациялары:
1. Үздік инновациялық компания – Компанияның инновацияларды қолдау деңгейі бағаланады: қызметкерлердің қатысуы, бөлінетін қаржы көлемі, тәжірибеге енгізілген идеялар саны, патенттердің және жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен жобалардың болуы.
2. Үздік жаңашыл қызметкер – Қызметкердің жеке жетістіктері ескеріледі: ұсынылған идеялардың саны мен сапасы, олардың жүзеге асу деңгейі және инновациялық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі.
3. Ең үздік енгізілген ұтымды ұсыныс – Ұсыныстың әлеуметтік және экономикалық тиімділігі бағаланады.
Өтінім беру 2025 жылдың 15 қазанына дейін жалғасып, байқау материалдары info@csti.kz электрондық поштасына қабылданады. Қор тобына кіретін барлық портфельдік компаниялар байқауға қатыса алады.