Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ақтауда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының «Үздік маман-2023» кәсіби шеберлік байқауы басталды.
Мұнай-газ саласы қызметкерлері арасында жыл сайын өтетін дәстүрлі додада биыл Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Шымкент, Жезқазған қалаларынан келген және маңғыстаулық мекемелердің 150-ден астам үміткері бақ сынайды. Олар үш күн бойы 17 аталым бойынша теориялық және практикалық кезеңдерде өз білімін сынға салып, шеберлігін паш етеді.
Ашылу салтанатында ҚМГ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Ерболат Сәрсенов және «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директоры Нұрсейіт Союнов қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ басшылар байқау жұмысшылардың қызметте оң нәтижелерге талпынысын арттырып, кәсіби маман ретінде шыңдалуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұдан соң үміткерлер сайыстың алғашқы кезеңіне кірісті. Қатысушылардың әрқайсысына өз мамандықтары және қауіпсіздік техникасы бойынша тест тапсырмалары берілді. Жеңіске ұмтылған мұнайшылар уақытты тиімді пайдалана отырып, үздік нәтиже көрсетуге барын салып жатыр.
Айта кетейік, былтыр ҚБМ мұнайшылары жарқын жеңістерімен командалық есепте бірінші орын иеленді. Сондықтан биылғы жарыс Ақтау қаласы мен Қаражанбас кен орнының өндірістік объектілерінде өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша «Үздік маман» байқауына қатысатын компаниялар мен сайыскерлер саны жыл сайын артып келеді.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
97
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
105
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы