Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Темір жолда пойыздардың энергия тиімділігіне үлес қосатын машинистердің ТОП-5 және ТОП-10 рейтингі жасалады, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ баспасөз қызметі.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-де тартым-энергетикалық ресурстарын тұтынуды басқару тәсілдері қайта қарастырылмақ. Бұл туралы жол бөлімшелері мен локомотив деполары өкілдерінің қатысуымен «Отын мен электр энергиясы үлестік шығынын оңтайландыру» атты жоба шеңберінде өткен «Цифрлық трансформация» бағдарламасының отырысында айтылды.
Шығындарды оңтайландыру бойынша жоба пилоттық тәртіпте Павлодар, Екібастұз локомотив пайдалану деполары мен Ерейментау айналым депосында жүзеге асырылатын болады. Заманауи ақпараттық технологиялар, есепке алу жүйесі және энерго ресурстарды тұтынуды нормалауды қоса алғанда пойыздар тартымы бойынша энергия тиімділікті арттыру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жоспары жасалды.
Екібастұз локомотив пайдалану депосының бастығы Әмір Тәкішевтің айтуынша, энергия тиімділікке локомотив отынын экипировкалаудың технологиялық үдерісін автоматтандыру, дизель отынын ұрлау фактілерінің жолын кесу арқылы қол жеткізуге болады.
«Ресурс жинақтау шараларының бірі – локомотив бригадаларын отын үнемдегені үшін ынталандыру. Пойыз тартымы бойынша электр энергиясы мен отынды үнемдеуге қол жеткізген пойыз машинистері ТОП-5 және ТОП-10 рейтингіне кіретін болады. «Рейтингке» кіретін машинистерді ынталандыру мақсатында оларға сыйақы төленеді», – деді Әмір Тәкішев.
Машинистің шеберлігі әр сапар арасында қалыптасады. Осыны ескере отырып деподағы тәжірибелі машинистер жас әріптестеріне тәлімгерлік етеді, бұл локомотив жүргізу тиімділігін арттырып, жолда жүргенде отынның үлестік шығынына әсер етеді.
Қазіргі таңда пойыз тартымына отын-энергетикалық ресурстар есебін жүргізу және оны бақылауды «Энерго диспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі жүргізеді (АСУ ЭДТ). Адами факторсыз жұмыс істейтін жүйе өз бетінше локомотив жүргізген жұмыс параметрлері мен электр энергиясы және дизель отынының іс жүзіндегі шығынын салыстыра қарастыра алады. Отынды шығындау жалпы нормадан ауытқыған жағдайда ол белгі береді. Жүйедегі нақты уақыт режиміндегі барлық ақпарат локомотив депосына және орталық аппаратқа түсіп отырады, сол жерде шұғыл шешімдер қабылданады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
70
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
78
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы