Главная Новости Үздік теміржолшы: Мені кәсіпке баулыған жан – анам
18 қазан 2022, 12:30 1229

Үздік теміржолшы: Мені кәсіпке баулыған жан – анам

Үздік теміржолшы: Мені кәсіпке баулыған жан – анам

Маңғыстау жүк тасымалы қосалқы бөлімінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов республикалық сайыста білімі мен кәсіби біліктілігін дәлелдеп, «Жас үздік маман» атанған түбектік теміржолшы Бекмырза Қожаевты жұмыс орнына арнайы барып құттықтады.

Маңғыстау станциясында пойыз құрастырушы болып еңбек ететін Бекмырзаның теміржол саласындағы бес аталым бойынша Астана қаласында өткен «Жас үздік маман» республикалық салалық байқауында топ жарғаны бүкіл түбек теміржолшыларының мерейін өсірді. Пойыз құрастырушылар бағыты бойынша алдымен өз мекемесі шеңберінде, сосын Маңғыстау қосалқы бөлімі бойынша сынақтардан сүрінбей өтіп, елордаға жолдама алған жас жігіт өзге өңірлерден жиналған әріптестерінің арасында да біліктілігін таныта білді.

Өз саласының қыр-сырын жақсы меңгеріп, түбек теміржолына абырой сыйлаған жас теміржолшыға Құрмет грамотасын табыстаған бөлімше басшысы үздік жас маманның алдағы жұмысына сәттілік тілеп, болашағына сенім артты. Маңғыстау теміржолы қашанда білікті мамандарымен мақтанатынын жеткізді. 

Бекмырза Қожаевтың ендігі мақсаты – ҚТЖ компаниясының «100 жас есім» жобасының іріктеуінен өтіп, таңдаулы жастардың қатарынан көріну. Айтуынша, оған бұл мамандықты меңгеріп, жетістікке жетуіне жігер беретін анасы екен. Бекет кезекшісі болып еңбек ететін теміржолшы әйел баласын жастайынан осы салаға дайындап, кәсіби білікті маман болып қалыптасуына барын салған екен.  

«Әкем мұнай саласында еңбек етсе, анам «Р» бекетінде кезекші. Мені бұл кәсіпке баулыған, теміржолшы болып қалыптасуыма ықпал еткен – анам. Бала кезден анаммен көп жүріп, оның жұмысының қыр-сырымен таныс болып, көріп өстім. Мектепті бітірген соң Алматыдағы теміржол академиясына тасымалды ұйымдастыру мамандығы бойынша оқуға түсіп, тиянақты білім алдым. Биыл жеті жыл болды, өндірісте еңбек етіп, қозғалыс саласының барлық «нюансын» меңгеріп жатырмын. Өзім атқарып жүрген міндетті толық біліп, іс жүзінде қалай қолдануды білмесем, маған сын болар еді. Сондықтан, байқауда барлық сауал өзіміздің күнделікті жұмыстарымызға қатысты болғасын еш қиындық туғызбады. Сынақтар, байқаулар негізі адамды ынталандырады, шыңдайды. Мен бүгінде «100 жас есім» жобасының бірінші іріктеуінен өтіп, екіншісіне дайындалып жатырмын. Ең бастысы, алдыңа мақсат қойып, армандай білу керек. Ал ынта мен жігерің болса бәріне қол жеткізуге болады», – дейді Бекмырза Қожаев.  

Кейіпкеріміз жас болса да отбасын құрып, бүгінде екі баланың әкесі атанып отыр. Сондықтан барлық бос уақытын ұлдарының тәрбиесіне арнайды. «Болашақ теміржолшылар әулетінің мүшелері» деп қалжыңдайды. Болашақта отбасылық футболшылар командасын жасақтауды армандайды. Өйткені өзі спортты жақсы көреді, Маңғыстау теміржолшыларының футбол командасының белді мүшесі.  

Шахида Жұман

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: