Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Мұнда арнайы және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ғылыми қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі арнайы және инклюзивті білім департаментінің директоры Лаура Бутабаева айтып берді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерте көмек көрсету мақсатында бүгінгі таңда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің санын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазір елімізде 215 ППТК жұмыс істейді, 2024 жылы қосымша 9 түзету кабинетін ашу жоспарлануда. Қазіргі күні мектептерде 700-ден астам инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, 2024 жылы олардың саны тағы 57 бірлікке ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар, биыл 14 ПМПК ашу жоспарлануда.
Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл бағытты дамытудың маңыздылығын түсіне отырып 2023 жылдың желтоқсанында министрлік құрылымында арнайы және инклюзивті білім департаменті ашылды.
«Арнайы білім әр баламен жеке жұмыс жасауды, әр балаға назар аударуды қажет етеді. Осы мақсатта Ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығын іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар біз кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесін қарастырамыз. Сондықтан педагогтер оқытатын жоғары оқу орындарының бағдарламаларына «инклюзивті білім беру» модульін қосу жоспарланып, педагогтер үшін біліктілікті арттырудың жаңа курстары әзірленуде», — деді Ғани Бейсембаев.
Дөңгелек үстел барысында ғылыми қоғамдастық өкілдері: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Роза Сүлейменова, доцент, педагогика және психология институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ғалия Абаева, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың басшылары сөз сөйледі. Олардың қатарында «Дара» қорының «Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасының үйлестірушісі Сәуле Дүйсембекова, Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов те бар.
Шара соңында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев департамент директорына еліміздегі инклюзивті білім беруді дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
80
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
87
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы