Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасында табаны күректей қырық жылға жуық еңбек етіп келе жатқан Үзім Төлегенқызы Досмұхамбетова - мұнай саласында көп жылдар бойы абыройлы еңбек еткен анасының, 43 жыл оператор болған өзінен үлкен апасы Розаның жолын қууды мақсат тұтқан. Үзім әріптесіміз 1985 жылдан бері Ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехында ұңғымаларды зерттеу жөніндегі 4-дәрежелі оператор, білікті әрі тәжірибелі маман.
Қай іс болмасын тәуекелге бел буып, соған бар күш-қуатыңды арнағанда ғана еңбектің еш кетпейтіні белгілі. Құрттайынан көргені өндіріс бөлігіндегі мұнаралар мен буырқанған кәсіпшіліктің ортасы болғасын ба, Үзім үшін ысырманы бұрау, бұрғылау қондырғыларында мұнай және табиғи газ өндіру процестерін басқару мен жабдықты бақылау үйреншікті іс болып кеткен көрінеді.
- Қалай десек те, тер төгіп тапқан нанның дәмі тәті ғой. Еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастаған артықтық етпейді. Сонда білім де, білік те, тәжірибе де, басқасы да болады. Бастысы, Компания үшін еткен еселі еңбек далада қалмайды. Басшылық тарапынан еленіп, төс белгілер мен мақтау қағаздарын, марапаттар алып мерейім де үстем болған, - дейді кейіпкеріміз.
Еңбек адамын сомдап жүргендер қатарында әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын, бүгінгі күніне шүкіршілік ететін Үзім Төлегенқызы жұмыстың қыр-сырына төселген жұмыскер әйел. Оның өз ісіне өте мұқият және адал екенін білетін әріптестері де қатты сыйлайды екен.
- Үзім басшылықтан берілетін тапсырмаларды тиянақты орындап, жұмысын жан-тәнімен беріліп жасайды. Жауапкершілігі мен ұқыптылығын көргенде жаның сүйсінеді. Мінезі де байсалды, ешқашан аптығып-асығып шешім қабылдамайды. Біз оның осы қасиетіне қатты қызығамыз, - дейді жұмыстасы Майра Катебаева.

Мұнайымдық Үзім кен орынның жауапты жұмысымен қатар, үйдегі жылулық пен берекені сақтап отырған ардақты ана. Оның ұлттық салт-дәстүрді, қазақы әдет-ғұрыпты қатты ұстанатынын білетін кейінгі буын іні-келіндері үнемі кеңес сұрап, «келісіп тон пішетін» көрінеді. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлкенің ұстанымдарын, ырым-тиымдарын зерделеп жүрген Үзім апайымыздың үйретері көп, ізгілігі мол.
Иə, нағыз еңбектің қазанында қайнап, керзі етікпен қара жерді, су мен сазды кешіп жүрген жанкешті мұнайшылар сапында жүрудің өзі бір төбе.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
73
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
82
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы