Page 8 - SKNEWS 3-4
P. 8

SK NEWS                                                                                                                                                                                                             SK NEWS











                                                               Дәл осындай Амал мерекесін Қаламқас пен
                                                               Жетібай мұнайшылары кең көлемде атап өтті.
                                                               Кен орнындарында ұлттық спорттық ойында-
                                                               рынан сайыстар ұйымдастырылып, аса қы-
                                                               зықты өткізілді. Қазақша күрес, ләңгі тебу, қой
                                                               көтеру, арқан тартудан жеңімпаздар анықта-
                                                               лып, бағалы сыйлықтарды иеленді.
                                                               ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК СЫЙЫ


                                                               Ұлттық мейрамды тойлауда «Самұрық-Қазына»
                                                               құрамындағы әуе компаниялары да айрықша
                                                               үлгі көрсетті.

                                                               Air Astana компаниясы Алматы мен Астана әуе-
                                                               жайларында киіз үй тігіп, жолаушылар ара-                            ЭЛЕКТР ПОЙЫЗЫ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА                    мамандандырылған сәбилер үйінің ау-
                                                               сында әдемі челлендж ұйымдастырды. Ол киіз                           БЕЗЕНДІРІЛДІ                                    мағында балалар ойын алаңы ашылды.
                                                               үйдің жанында суретке түсіп, әлеуметтік желіге
              Ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлерде        жариялаған жолаушылар арасында үздік үш                              Астана – Бурабай бағытындағы электр             Жобаға «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар
              ұсынылған наурыз көже мен бауырсақтың бал        жазба иесіне әуе билеттерін сыйлауды көздей-                         пойызы «Наурыз» аталып, ұлттық нақышта          тобының бірыңғай қайырымдылық опера-
              дәмі мұнайшыларды тамсандырмай қоймады.          ді.                                                                  безендірілді.                                   торы - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жо-
              Ұлыстың ұлы күні қаражанбастықтар бір-біріне                                                                                                                          баларды дамыту қоры арқылы 24 миллион
              шын жүректен амандық, молшылық пен жақ-          Ал Qazaq Air компаниясы Наурыз мерекесі                              Мерекелік пойыз бір ай бойы күн сайын           теңгеден астам қаржылай қолдау жасалды.
              сылық тілеп тарқасты.                            қарсаңында 15% жеңілдік жариялады. Мұндай                            жолға шығады. Жолаушылар «Нұрлы жол»            Көлемі 300 шаршы метр түрлі-түсті көңілді
                                                               жеңілдігі бар билеттерді 20-22 наурызда сатып                        және «Астана-1» станцияларынан отыра            алаңда 13 ойын құралы орнатылған.
              МАҢҒЫСТАУ ТӨРІНДЕГІ ҰЛЫҚ МЕЙРАМ                  алғандар 27 наурыздан 27 сәуірге дейін ұша                           алады. Қолайлы сапар үшін вагондар кон-
                                                               алады.                                                               диционерлермен және биоәжетханалармен           Мұнда саналуан дене шынықтыру сабақта-
              Амал мерекесін «Маңғыстаумұнайгаз» акци-                                                                              жабдықталған. «Наурыз» электр пойызы            рын, спорттық және шығармашылық сайыс-
              онерлік қоғамының ұжымы бүкіл сән-салта-         «QAZAQ AIR өз жолаушыларын Наурыз мей-                               «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Бурабай              тар өткізу қарастырылған. Жоба нәтижесін-
              натымен қарсы алды. Таңның атысымен кең          рамымен құттықтайды! Ұлтымыздың мерейін                              Даму» ЖШС, Мәдениет және спорт министр-         де мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының
              ғимараттың фойесі ақжарма тілек, ыстық-ықы-      өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын                                 лігі және «Kazakh Tourism» ұлттық компани-      қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер
              ласқа толды.                                     Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік                      ясының бірлескен жобасы. Ол ішкі туризмді       бақытты балалық шақтың қуанышы мен
                                                               пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық                           дамыту мақсатында жүзеге асырылып               ересектер мейірімін түйсініп ер жетпек.
              Бүрмелі көйлек, оюлы қамзолын киіп, шашақты      әкелсін» деп құттықтады отандық әуе компа-                           жатыр.
              орамалын әдемілеп салған арулардан көз           ниясы.                                                                                                               «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!
              сүрінеді. Кимешек киген әріптестер ұлттың ұлы                                                                         Сондай-ақ, теміржолшылар «Нұрлы жол»            Әз Наурыз – бейбітшілік пен жаңарудың
              киімін жаңғыртып, атаулы мерекенің сәнін кел-    FlyArystan лоукостерінің бортсеріктері болса,                        вокзал алаңында Наурыз мейрамы құрметі-         нышаны. Оның мәні мен мәдени сипаты
              тірді. Барлығы өткен жылдағы өкпе-реніштерін     мейрам күндері өз жолаушыларын қазақтың                              не этно-ауыл тікті. Бағдарламаға спорттық       үздіксіз ұрпақ сабақтастығын айшықтайды
              ұмытып, мәре-сәре. «Жаңа жылыңмен» деген         тақиясымен қарсы алып, мерекелік көңіл-күй                           жарыстар, ұлттық ойындар, қолдан жасалған       Тағылымы мол мереке күні «Самұрық-Қа-
              жадыраңқы жүз. Ағыл-тегіл, көл-көсір қуаныш.     сыйлады.                                                             бұйымдар көрмесі және ҚТЖ қызметкер-            зына» АҚ ұжымы баршаңызға мықты ден-
                                                                                                                                    лерінің қатысуымен концерт кірді. Қонақтар-     саулық, бақ-береке, ынтымақ тілейді. Ұлыс
                                                                                                                                    ды ұлттық киім киген теміржолшылар қарсы        оң болсын, ақ мол болсын» деп құттықтады
                                                                                                                                    алып, наурыз көже мерекесінің басты таға-       қазақстандықтарды «Самұрық-Қазына» ұлт-
                                                                                                                                    мымен дәм татқызды.                             тық әл-ауқат қоры.

                                                                                                                                    САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА БАЛАЛАР ҮЙІНЕ ОЙЫН
                                                                                                                                    АЛАҢЫН ТАРТУ ЕТТІ

                                                                                                                                                                                       Әділхан СМАЙЫЛ
                                                                                                                                    «Самұрық-Қазына» Қорының қолдауымен
                                                                                                                                    Наурыз мейрамы қарсаңында Жамбыл об-
                                                                                                                                    лысының орталығында орналасқан «Үміт»
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13