Page 19 - SK News №5-6 (163-164)
P. 19

SK NEWS











 «ҰЛЫ КӨШ»

































           хабарланатын. Әр облыста отырған дис-                Технологиялық дамудың арқасында кейбір
           петчерлер телефон арқылы хабарлама                   диспетчерлік айналымдарды біріктіріп жа-
           алып, бағдаршам шамын өзгертіп, бағытты              тырмыз. Ол еңбек өнімділігін өсірді. Бұрын
           түзейтін. Қазір автоматтандырудың, тиісті            пойыз қозғалысын үш жүзге жуық диспет-
           каналдардың арқасында барлық жағдай                  чер басқаратын. Қазір қалған мамандары-
           орталыққа бірден келеді», – деді «ҚТЖ» ҰК»           мыз басқа жерлерге ауыстырылды», – деді
           АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серік             Серік Әбденов.
           Әбденов.
                                                                Ол, сондай-ақ, экономикалық тиімділік,
           Орталық оптикалық-талшықты байланыс                  бизнес-процестерді жетілдіру, компания
           желісі арқылы теміржол станцияларының                қызметін цифрландыру мен автоматтан-
           құрылғыларын ұзақ қашықтықтан басқа-                 дыруға бағытталған «Цифрлық трансфор-
           руға мүмкіндік береді. Магистральдық желі            мация» бағдарламасының негізгі тұстарын
           учаскелерін микропроцессордағы диспет-               түсіндіріп, жобалар туралы кеңінен әңгіме-
           черлендірудің қазіргі заманғы жүйесімен              леп берді:
           жабуды қарастырып, теміржол байланысы
           орталық пункттерінің аналогты көлемді жаб-           «Жобаларды іске асыру шығындарды
           дығын қазіргі заманғы цифрлық жабдыққа               оңтайландыруға, қаржылық тұрақтылықты
           ауыстыруға жағдай жасалған.                          қамтамасыз етуге, компанияның құны мен
                                                                инвестициялық тартымдылығын артты-
           «Бұл жобаны теміржол саласындағы «ұлы                руға, бұл өз кезегінде қызметкерлердің
           көш» деп айтуға болады. Қаншама өңірден              еңбекақысын арттыруға мүмкіндік береді.
           азаматтарымыз отбасыларымен келіп осын-              Әр диспетчер 45 АЕК көлемінде өтемақы
           да қоныстанды. Бәрі де заманауи принцип-             алады. Ол шамамен 131 мың теңге. Егер аза-
           терге сай. Дамыған елдерде жұмыс бар жер-            маттарымыз ипотека алатын болса, пәтер
           ге көшіп, жұмысқа тұрып, жағдай жасайды.             жалдап тұруға берілетін қаржыны ипоте-
           Біз де тура сол секілді ішкі жағдайдың бәрін         каға төлеу мүмкіндігі бар. Ол екі жыл бойы
           шештік. Көші-қонға қатысты мәселелер                 жасалады».
           толық шешілді. Төрт облыстан 186 қызметкер
           келді. Тұрмыс жағдайлары толық жасалған.             Серік Әбденов орталықты аралап көріп,
           Азаматтарымыз алаңсыз жұмысқа кіріскен.              диспетчерлермен жеке-жеке тілдесті.
                                                                                                              19
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24