Page 24 - SKNEWS 11-12
P. 24
SK NEWS SK NEWS SK NEWS
АЙҒАНЫМ,
Қарағанды қаласынан, әкесі теміржол-
шы:
«Экспоға барғанымда бәрі ұнады. Әкем
теміржолда еңбек етсе, анам педагог
болып істейді. Өзім дәрігер болғым
келеді».
АҚБОТА,
Ақтау қаласынан, әкесі
мұнайшы:
«Сапарымыздың қызықты болатыны
анық. Бүгін Экспоны бірінші рет көріп,
ғарыш саласымен таныстық. Тарих
пен география пәнінен білімім көбейе
түсті. Шымкенттен, Тараз бен Алматы-
дан жаңа достар таптым. Пойыздағы
лагерьге де алғаш қатысуым».
НИКИТА,
Қостанай қаласынан, анасы электр
қуаты маманы:
«Жасым 14-те. Астанаға бірінші рет
келіп, әсерлі серуенде болдық. Лагерь-
де барлық жағдай жасалған, ұнай-
ды. Қазақстанның түрлі өңірлерімен
танысуға құштарлығым зор. Мамандық
таңдауға да септігі тиіп қалар. Қатар-
ластарыма өзіме сияқты күшті саяхат
тілеймін».
P.S. 28 маусым «Туған елге саяхат» балалар пойызы биылғы алғашқы сапарын аяқтады. Осылайша, 200 жас
саяхатшы әсерлі сапардан Астанаға оралды. 10 күн ішінде балалар Қазақстанның ең әдемі және тарихи өл-
келеріне барып, табиғи жауһарларымен танысты.
«Балалардың сапардан көздері жанып, зор шабытпен, ынта-жігермен келгені байқалып тұр және бұл жо-
баға берілген ең жақсы баға десек, артық айтқандық болмас. Ең қызықты жерлерді таңдап, өскелең ұрпаққа
ұлан-байтақ еліміздің көрікті жерлерін көрсетуге тырыстық. Жобаға қызығушылық жыл сайын артып, ба-
лалар оны тыпырши, асыға күтетіні сезіледі», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды
дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.
Жоба аясындағы келесі екі сапар тағы 400 оқушыны қамтиды. Барлығы жобаға 600 бала қатысуда: балалар-
дың бір бөлігі «Самұрық-Қазына» АҚ өндірістік кәсіпорындары қызметкерлерінің көпбалалы немесе толық
емес отбасыларда тәрбиеленетін, үлгерімі жақсы болса, шығармашылық байқаудың нәтижесі бойынша
Қазақстанның түкпір-түкпірінен жеткіншектер тағы іріктелді.
Алдаберген КЕМПІРБАЙ