Page 15 - SKNEWS 7-8
P. 15
SK NEWS
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев-
тың басшылығымен Үкімет қажетті шара-
ларды қолға алды. Мемлекеттен қаражат
бөлініп, оған қоса кәсіпкерлер, ірі компа-
ниялар және қарапайым халықтың өзі қол
ұшын беріп жатыр.
«Біз сын сағатта жұрт болып жұмылдық.
Үкімет, мемлекеттік органдар, құзырлы
мекемелер және еріктілер бірлесе жұмыс
істеді. Соның арқасында 119 мыңнан астам
адам дер кезінде қауіпсіз жерге көшіріл-
ді. Оның 45 мыңға жуығы – балалар. Ең
бастысы, біз адам өмірін барынша сақтап
қалдық», – деді Президент Қасым-Жомарт
Тоқаев.
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ КӨМЕГІ
Мемлекет басшысының үндеуіне орай
алғашқылардың бірі болып көмекке
асыққан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-
ауқат қоры су тасқынымен күреске және
оның салдарларын жоюға 15 миллиард
теңге қаражат аударды.
Қорға қарасты компания басшыларымен
жедел жиын өткізген «Самұрық-Қазына» АҚ
Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов су тас-
қыны кезіндегі қазіргі ахуал және табиғи
апаттың алдын алуға және жоюға бағыт-
талған шараларды талқылады.
«Қазіргідей қиын жағдайда қызметкер-
лердің қауіпсіздігін, тиісті құрал-жаб-
дықтармен қамтамасыз ету портфельдік
компаниялардың алдында тұрған басым
міндеттердің бірі. Сын сағатта күшімізді
біріктіріп, төтенше жағдайға қарсы күре-
су жұмыстарын жандандыру қажетпіз.
Осы бағыттағы тасқын судың алдын алу
жұмыстарын, сондай-ақ зардап шеккен
өндірістік объектілердің жұмысын штаттық
режимге келтіру шараларын жалғастыру
қажет», – деді Нұрлан Жақыпов.
Қаражат қайырымдылық қызметінің
бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust»
қайырымдылық қоры арқылы бағытталды.
Қаражат жинауға Қордың корпоративтік
орталығы, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөнер-
кәсіп», «Қазақстан Темір Жолы», QazaqGaz,
KEGOC, «Эйр Астана», «Самұрық-Энерго»
компаниялары үлкен үлес қосты. Бұған
15

