Page 18 - SKNEWS 7-8
P. 18
SK NEWS ӨНДІРІС SK NEWS
ҚР Энергетика және Көлік министрліктері
бекіткен автожол жобаларын жол биту-
АҚТАУ БИТУМ мымен қамтамасыз ету жөніндегі 2024
жылға арналған жол картасында көздел-
ген битумды қыс маусымында дайындау
толық көлемде орындалмады. Себебі,
ЗАУЫТЫ болмауы, зауыттан дайын өнімді дер
жол-құрылыс ұйымдарынан өтінімдердің
кезінде әкетпеуі және жол-құрылыс ұйым-
дары тарапынан жүк тасымалдаушыларға
уақытылы ақы төлемеуі.
жылына 550 мың тонна Зауыт өңдеу үшін пайдаланатын Қара-
жанбас кен орнының мұнайы жоғары
сапалы жол битумын өндіруге мүмкіндік
өнім шығарады береді. Өнім сапасын бақылау бірнеше
сатыны қамтиды.
• БІРІНШІСІ – ЭЛТҚ-АВҚ, тотығу және мо-
дификациялау цехындағы технологиялық
процесті талдамалық бақылау.
• ЕКІНШІСІ – резервуардағы битумды
Биыл I тоқсанда Ақтау битум зауытында өндіріс қарқыны төмендеді. Кәсіп- құжаттау.
орын шамамен 29,5 мың тонна өнім өндірді, жоспар – 100 мың тонна.
• ҮШІНШІСІ – арбитражды үлгілерді
таңдау және жөнелту кезінде оларды
сақтау.
Кәсіпорын пайдалануға берілген сәт-
тен бері битум үлгілері «ҚаздорҒЗИ» АҚ
аккредиттелген зертханасында үнемі
тексеріліп отырады. Сондай-ақ, 2021 жыл-
дан бастап зауыт өнімдерін жол активтері
сапасының ұлттық орталығы ай сайын
бағалайды. Әділхан СМАЙЫЛ
Былтыр ҚР Энергетика министрлігінің
ведомствоаралық жұмыс тобы «CASPI
BITUM» компаниясында болды. Сапар
барысында сынамалар алынып, алдымен
зауыт зертханасында, одан кейін Жол
активтері сапасының ұлттық орталығы
зертханасында талданды. Жүргізілген
зерттеулер Ақтау зауытында өндірілетін
битум қазақстандық стандартқа толық
сәйкес келетінін көрсетті.
Жалпы, Ақтау битум зауыты өнімді уақы-
тылы жөнелте отырып, жыл бойына ең
жоғары өнімділікпен жұмыс істеуге да-
йын. Ол үшін кәсіпорында барлық жағдай
жасалған. Зауыттың қуаты жылына 500
мың тонна битум (айына 50 мың) болға-
нымен, ол 110% өнімділігімен жылына 550
мың тоннаға дейін битум өндіруге қауқар-
лы.
19

