Главная Фотоальбомы Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
Үнемді өндіріс04 қыркүйек 2018, 18:11 15468

Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды

Қытай Халық Республикасының Жудун қаласында «Моторға газ» атты табиғи газбен жүретін техниканың ең ұзақ халықаралық автошеруі басталды. Шара Қазақстан, Қытай және Ресей елдерінің ірі энергетикалық «ҚазМұнайГаз» ҰК», «СNPC» және «Газпром» компанияларының қатысуымен ұйымдастырылды.  

Бұл газды-моторлы отынмен жүретін көліктердің автожарысы тарихындағы ең үлкен жарыс, ұзындығы 9 881 шақырымды құрайды. Бұған қоса оның елеулі бөлігі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жаңа халықаралық көлік дәлізі бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтеді. Қытай, Қазақстан және Ресей аумағындағы автошеру бағыты: Жудун, Суцянь, Чжэнчжоу, Сиань, Динси, Увэй, Цзяюйгуань, Хами, Тұрфан, Усу, Қорғас (Қытай), Алматы, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Арал, Ақтобе (Қазақстан), Орынбор, Альметьевск, Қазан, Нижний Новгород, Владимир, Торжок және Санкт-Петербург (Ресей) қалалары арқылы өтеді деп хабарлайды «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі .

Жарыстың қазақстандық бөлігінде көліктерге газ толтыруды ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ қамтамасыз ететін болады. Жарысқа қатысушылар 4 қазанда VIII Петербург халықаралық газ форумының ашылуы шеңберінде Санкт-Петербург қаласында мәреге жетуді жоспарлап отыр.  

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Рустам Сулейманов, осы автошеруді өткізу табиғи газды экологиялық таза және үнемді моторлық отын ретінде пайдалануды насихаттау үшін шынайы мүмкіндік екендігін айтты.

«Қазір Қазақстанда көліктік секторды жаңғырту және оны дизельді отыннан табиғи газға ауыстыру мәселесі қарастырылуда, - деді Рустам Сулейманов. -  2022 жылға қарай көліктік сектордың табиғи газды тұтынуын он есеге ұлғайту болжанып отыр. Бұл үшін автоматты және криогенді газ толтыру станциялары желілерін кеңейту жобалары іске асырылатын болады. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу зиянды шығарындылардың азаюына, жұмыс орындарының ұлғаюына және отын шығындауды үнемдеуге елеулі әсер етеді».

АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: