Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жеңіс күні қарсаңында КҚК-Қ компаниясы сіздерге соғыс жылдарында ерлік көрсеткен жандар туралы арнайы фильм ұсынады. Бұл – тек естелік емес, бұл – біздің тарихымыз.
Фильмде әріптестеріміздің аталары мен әжелері туралы айтылады. Олар қиын-қыстау заманда елін қорғап, болашақ ұрпақ үшін жанын аямады. Көпшілігі майданға жас болып аттанып, соғыстың ауыр күндерін бастан өткерді. Кейбірі үйіне оралмады... Бірақ олар ешқашан үмітін үзбеді, Жеңіс үшін күресті.
Олардың ерлігі – тек өткеннің емес, бүгінгі өміріміздің бір бөлшегі. Батыр бабаларымыздың рухы бізге күш береді. Олар сыйлаған бейбіт өмірдің қадірін білу – біздің парызымыз.
Фильмді компанияның ресми ресурстарынан көре аласыз. Бұл – ұмытылмас тағдырлар туралы, шынайы ерлік туралы, біздің ортақ тарихымыз туралы әңгіме.