«ҚазМұнайГаз» Маңғыстау облысы Кендірлі аймағында теңіз суын тұшытатын зауыт салып жатыр.
Жаңа кәсіпорын Жаңаөзен тұрғындарын ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етіп, өңірде өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндіктер ашады.
- Зауыт тәулігіне 50 мың текше метр су шығаруға қауқарлы;
- Инженерлік инфрақұрылым бойынша жұмыстың 75%-дан астамы орындалды;
- Жаңаөзен қаласына дейін тұшытылған суды жеткізетін магистральды су құбыры (201 км) және электр желісін тарту (83 км) жұмыстары 90%-ға аяқталды;
- 40 км автожол құрылысы, 46 км газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр;
- Құрылыс жұмыстарына 654 адам, 200-ден астам құрылыс техникасы мен механизмдер (соның ішінде автожол және теңіз түбін тереңдету техникасы) жұмылдырылды.
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!