Главная Новости Мұнайшылар жемқорлықтың зардабын түсінеді
15 қараша 2019, 16:25 2565

Мұнайшылар жемқорлықтың зардабын түсінеді

Мұнайшылар жемқорлықтың зардабын түсінеді

Таяуда Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің өкілдері "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ ұжымымен кездесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбына арналған жиналыс өткізді деп хабарлайды Компанияның баспасөз қызметі.

"Маңғыстаумұнайгаз" компаниясында сатып алу саласындағы құқықбұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ компаниялар тобы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатын көздеген кездесуді департаменттің бас маманы Жанна Шыртанова ашып, жүргізіп отырды. Сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселе екендігін айтып, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік таныту қажеттігін қаперге берген ол:

"Жемқорлық дегеніміз лауазымын пайдалана отырып, оны жеке бас мүддесіне пайдалану болып саналады. Тәжірибе көрсеткеніндей, жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе, экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өршуіне мүмкіндік береді. Алайда, көп жағдайда осындай қадамға баруға лауазымды қызметкердің өзі себеп болады. Сондықтан, заң бойынша алушы да, беруші де жауапкершілікке тартылады. Барлық қызметкерге айтарым: сақ болыңыздар, біреудің арбауына түсіп, сөзін сөйлеп, жағымсыз жайттарға соқтыратын іс жасамаңыздар. Мұның арты қылмыстық жауапкершілікке апаратынын естен шығармау керек", - деді ол.

Жиналыста Ақтау қалалық Бекет ата мешіті имамының орынбасары Іздібай Қобланов дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтарына тоқталып, жемқорлық туралы хадистерден үзінді келтірді.

"Қоғамның дертіне айналған бұл келеңсіздіктің етек алып отырғаны бәрімізді қынжылтады. Пара беріп-алудың күнәсі өте ауыр. Біреудің ала жібін аттау кісілікке де, имандылыққа да жатпайтын озбырлық.  Баршамыздың негізгі мақсатымыз — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау. Осындай басқосулар, талқылаулар арқылы мұны жолға қоюға болады деп ойлаймын", - деп сенім білдірді мешіт қызметкері.

Жиналыс барысында тақырыпқа орай бейнефильм көрсетіліп, қызметкерлердің сауалдарына жауап берілді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: