Главная Новости Қазақтелеком сатып алу рәсімдерін бизнеспен бірлесіп реформалайды
03 ақпан 2023, 09:19 370

Қазақтелеком сатып алу рәсімдерін бизнеспен бірлесіп реформалайды

Қазақтелеком сатып алу рәсімдерін бизнеспен бірлесіп реформалайды

Ірі телеком-оператор әлеуетті тауар жеткізушілермен сатып алу саласындағы мәселелерді және қазан айында өткен конференциядан бері қордаланып қалған сұрақтарды талқылау мақсатында кезекті кездесу ұйымдастырды. «Қазақтелеком» мұндай жиындарды тұрақты түрде өткізіп келеді, және шараларға бизнесті тартып, олармен бірлесіп, сатып алу рәсімдерін реформалауға және оңтайландыруға шақырады. Мәселен, өткен жылғы кездесулердің нәтижесі бойынша телеком-оператор тауар жеткізушілермен ақылдаса отырып, кабель-өткізгіш өнімдерінің бағасының өсуіне қатысты, ағаш тіректерді, жиһаздарды және басқа да тауарлар мен қызметтерді сатып алуға қатысты туындаған мәселелердің тұтас кешенін шеше алды.

Естеріңізге сала кетейік, ірі телеком-оператор кіретін «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу процесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, өткен жылы жаңа ережелер бекітілді. Енгізілген өзгерістер нәтижесінде сатып алудың бәсекелестік тәсілдері бойынша функционал пысықталды, шағын және орта бизнес үшін преференциялар берілді, отандық өндірушілерді қолдау бойынша пункттер қосылды.

«Біз өзіміз үшін жеткізушілерімізбен және серіктестерімізбен үнемі және әртүрлі форматта кездесеміз деп шештік, өйткені мұндай кеңестер сатып алуды реформалау процесін одан да тиімді және жүйелі етуге мүмкіндік беретінін түсінеміз. Өткен бір жылдың ішінде ғана біз осындай төрт конференция өткіздік, онда біз барлық өзекті мәселелерді ашық және шынайы талқыладық және тікелей жеткізушілердің өздерінен сапалы «кері байланыс» алдық. Сонымен қатар, бізде «чек-парақ» бар, онда біз қазірдің өзінде түзетілген мәселелерді белгілеп, шешуді қажет ететін қиындықтар мен проблемаларды түртіп алып отырамыз. Бүгінгідей кездесулер бізге сатып алу рәсімдерін басқаша қырынан, яғни бизнестің көзімен қарауға көмектеседі», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Айта кетейік, «Қазақтелекомның» сатып алу жоспары ай сайын түзетіліп отырады және бекітілген құжаттар, сондай-ақ сатып алынатын өнімге қойылатын талаптар zakup.sk.kz және telecom.kz. порталдарында ашық жарияланады, көпшілікке қолжетімді.Бұл ақпаратпен барлық ниет білдірушілер емін-еркін таныса алады, ал егер сұрақтар туындаса, +7 7014285815 нөмірі бойынша WhatsApp мессенджеріне жазу арқылы немесе поштаға vopros@telecom.kz немесе Facebook-те ресми парақшада қосымша ақпарат немесе түсініктеме алуға болады.

«Мұндай тікелей және бетпе-бет диалог нақты уақыт режимінде сатып алу рәсімдеріндегі ықтимал проблемалар мен қиындықтарды жедел шешуге мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, компания сатып алу процедураларын жетілдіру және жеңілдету бойынша жұмыстарды тұрақты түрде белсенді жүргізіп келеді және басты басымдықтардың бірі процесті түсінікті, ашық және нарықтың барлық ойыншылары үшін қол жетімді ету болды және осылай болып қала береді. Бүгінгі таңда көптеген шаралар жүзеге асты, әріптестеріміз осы бағытта орасан зор жұмыс жүргізді, біз бағытқа алатын қадамдық жоспар қабылданды», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Телеком Комплект» дирекциясының сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі бас директоры Мирас Байсақов.

Айта кетейік, «Қазақтелеком» осындай кездесулер барысында бизнестен келіп түскен барлық ұсыныстар мен ескертулерді жүйелеп жинақтап отырады, бұл келешекте сатып алулар ережелеріне өзгерістер енгізу және рәсімдердің өзін жетілдіру кезінде ескеріледі. Мысалы, алдыңғы кездесулер аясында ұсынылған тауар жеткізушілердің бастамалары бүгінгі таңда компанияның сатып алу бөлімінің құрамында жаңа жеке бөлімше құруға негіз болды. Бұл жаңа бөлімше офтейк-келісімшарттарға, санаттық сатып алуларға және сервистік модельдерге жетекшілік ететін болады. Кәсіпкерлермен ағымдағы кездесу барысында туындаған идеялар мен ұсыныстар сатып алу рәсімдерін жақсарту және оңтайландыру жөніндегі кезекті шаралар пакетін қалыптастыру кезінде де ескерілетіні анық.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: