Главная Новости Астана әуежайында Fast Track қызметін 18,5 мың жолаушы пайдаланды
04 қаңтар 2023, 08:32 869

Астана әуежайында Fast Track қызметін 18,5 мың жолаушы пайдаланды

Астана әуежайында Fast Track қызметін 18,5 мың жолаушы пайдаланды

Fast Track қызметі елордалық әуе айлағында тіркеуден және тексеруден жедел өтуге мүмкіндік береді.

Биыл мамыр айында Астана әуежайында Fast track қызметі іске қосылды. Аталған қызмет түрі тек қол жүгі бар жолаушыларға авиарейстерге жедел тіркелу және тексеру пункттерінен кезексіз өтуді ұсынады, деп хабарлады «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметі.

Жылдам тіркеуден өту және тексеру желісі бизнес-класпен жиі ұшатын жолаушылар мен кішкентай балалары бар отбасылар арасында аса танымал. Сонымен қатар бұл қызмет түрі мүмкіндігі шектеулі және аутизм спектрі бұзылған жолаушыларға өте қажет болып табылады. Бұл санаттағы азаматтар үшін Fast track қызметі ақысыз негізде қолжетімді, ал балалар үшін айтарлықтай жеңілдік қарастырылған.

Бүгінгі таңда елорда әуежайының аталған қызмет түрін арнайы санаттағы 17 763 жолаушы, тағы 756 адам коммерциялық негізде пайдаланған.

Қазіргі уақытта Fast track қызметі Астана әуежайында Air Astana, Qazaq Air, Fly Arystan, Scat және «Южное небо» авиакомпаниялары жүзеге асыратын ішкі рейстерде енгізілген.

Қызмет түрін пайдалануға ниетті жолаушыларға көмектесу үшін әуежайда дыбыстық ескерту қарастырылған, сондай-ақ Fast track пунктіне жол көрсететін арнайы белгілер орналастырылған.

Айта кетерлігі, әуе жолаушыларының жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін Астана әуежайы Қазақстанда бірінші болып аутизмі және ақыл-ой кемістігі бар жолаушыларға қызмет көрсету бойынша озық тәжірибені енгізген. Шектеулері бар жолаушыларға қызмет басым тәртіппен көрсетіледі. Олар үшін әуежайда тиісті ланьярдтар да қарастырылған.

Арнайы таспалар әуежай қызметкерлеріне мүгедектігі бір қарағанда байқалмайтын жолаушыларды алып жүру және рәсімдерден өткізу барысында басымдық беру үшін танып-білуге мүмкіндік береді.

«Біз Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен, Азаматтық авиация комитетімен және Autism Kazakhstan Ұлттық қауымдастығымен бірлесіп жоба бастамашыларының бірі болдық. Әуежайға келген кезде аутизммен ауыратын жолаушыны алып жүретін адам анықтамалық кеңсеге немесе қабылдау бөлмесінің жанындағы агенттерге күнбағыс бейнеленген арнайы ланьярд алу үшін жүгіне алады. Бұл технология туралы барлық авиакомпания өкілдері біледі», – деді Жолаушылар тасымалы бөлімшесінің аға агенті Руслан Масғұтов.

Тіркеу және тексеру үрдісі әдетте жолаушылардың 20 минут немесе одан да көп уақытын алады. Өз кезегінде аталған қызмет түрі стандартты тіркеу және тексеру процедураларын 3-5 минуттың ішінде өтуге мүмкіндік береді. Астана әуежайы өкілдерінің пайымдауынша, 10 минуттың ішінде қызметті 15 жолаушы пайдалана алады екен. Бұл орта есеппен әр жолаушыға 40 секунд дегенге саяды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: