Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Кейінгі кезде жемқорлық деректері жиілеп кеткен "Қазақстан темір жолы" компаниясы жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдауда пара алуға мүлде жол бермейміз деп отыр. Ол үшін арнайы жоба әзірленген. Бұл туралы бүгін "Самұрық-Қазына" қорында өткен баспасөз мәслихаты барысында Ұлттық компанияның Басқарма Төрағасының орынбасары Серік Әбденов мәлім етті.
Оның айтуынша, қызметкерлерді орталықтандырылған іріктеуді қамтитын жұмысқа орналастырудың жаңа тәсілі өңірлік басшылардың жұмыс іздеушілерден ақша алу мүмкіндігін болдырмайды.
Персоналды ашық жалдау жөніндегі жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Компанияның барлық бос орындары жалпыға қолжетімді HeadHunter, Nur.kz жұмыс және Samruk Qyzmet интернет-платформаларында жарияланады. Үміткер өзінің өтінішін осы жерлердегі бос жұмыс орны жөніндегі хабарлаландыру арқылы бағыттауы тиіс. Алғашқы сұхбаттан кейін ол тестілеуге жіберіледі. Іріктеудің барлық кезендерінен өткен үміткерлердің қысқаша тізімі өңірлердегі кадрлық қызметтер ұйымдастырған конкурстық комиссияға тапсырылады. Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру және жұмысқа қабылдауды рәсімдеу "ҚТЖ" ҰК" АҚ Кадрлық әкімшілік департаменті жанындағы Көп салалы қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады.
"Біз сыбайлас жемқорлық қаупінің туындауына ықпал ететін барлық негізгі факторларды талдадық. Соның бірі – бос орындар туралы ақпараттың қолжетімсіздігі. Бос жұмыс орындары туралы мәліметтерге ие болмағандықтан, жұмысқа орналасқысы келетін жандар түрлі жолдарды іздейді. Қазір Компанияда кадр саласында сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған толыққанды әрі кешенді антикризистік шаралар қабылданды", - деді С.Әбденов.
Спикер атап өткендей, жаңа жүйе мамандықтары бойынша 656 адам жұмысқа орналастырылды. Соның ішінде 371 үміткер сырттан қабылданған және 285-і – ішкі.
Компанияның кадрлық қызметі заңбұзушылықтардың нақты себеп-салдарларын жою мен тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Брифинг барысында өңірлердегі кадрлық шешімдер кезіндегі ашық емес, күдікті іс-әрекеттер туралы фактілерге, егер бұл жайындағы хабар әлеуметтік желі немесе cаll-орталық арқылы орталық аппаратқа түскен болса, Компания басшылығы міндетті түрде шара қабылдайтындығы атап өтілді.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі өкілдерінің сөзіне қарағанда, соңғы екі жылда теміржол тасымалы саласында 65 сыбайлас жемқорлықтық іс-әрекеті анықталған. Соның басым бөлігі парамен байланысты болып отыр.