Главная Новости Қазақстанның 11 аймағында жаңадан 20 бөген салынады
25 сәуір 2024, 12:27 400

Қазақстанның 11 аймағында жаңадан 20 бөген салынады

Қазақстанның 11 аймағында жаңадан 20 бөген салынады

Бұл туралы президент ҚХА сессиясында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда табиғи апаттарға қарсы күрестің тиімді жүйесін құруды көздейтін күрделі шаруа шешімін табуы керектігін айтты Бұл үшін мемлекет пен ғылымның ықпалдастығы түзіледі.

"Менің тапсырмаммен Тараздағы Қазақ гидромелиорация-құрылыс институты қайта құрылады. Сондай-ақ Алматыдағы Сейсмология институтының әлеуеті күшейеді. Климат өзгерістерін зерттеп, тежеуге айрықша назар аударылады. Су шаруашылығы саласын басқару жүйесі, оның ішінде "ҚазСуШар", "Нұра топтық су құбыры" сияқты компаниялар да түгел қайта құрылады", – деді президент.

Оның айтуынша, Қазақстандағы бөгеттер мен бөгендердің барлығы дерлік өткен ғасырдың 50-70 жылдары салынған. Соған орай, Қазақстанның 11 аймағында жаңадан 20 бөген салынады, тағы 15-іне күрделі жөндеу жүргізіледі. 

"Сонда 134 елді мекенді су басу қатері едәуір азаяды. Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына тасқынның алдын алу және оның салдарын азайту шаралары қосылады. Бұл шаралар халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: