Главная Новости 100 теміржолшы жасты қандай тосынсый күтіп тұр?
21 қаңтар 2019, 10:21 3099

100 теміржолшы жасты қандай тосынсый күтіп тұр?

100 теміржолшы жасты қандай тосынсый күтіп тұр?

Биыл "Қазақстан темір жолы" компаниясында іске қосылған "ҚТЖ-ның 100 жас тұлғасы" жобасы аясында саналуан байқаулар сынынан сүрінбей өткен 100 мықты теміржолшы жасты көптеген "тосынсый" күтіп тұр. Мәселен МВА бағдарламасы бойынша оқу мен халықаралық тәжірибеден өту, Еуразия «Worldskills Hi-tech» чемпионатына қатысу мүмкіндіктері осылардың қатарында. 

Бұл туралы өткен жұманың аяғы «ҚТЖ» ҰК» АҚ әкімшіліктік ғимаратында Компанияның жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Әбденов Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауында 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялағанын еске салды. Жалпы, Қазақстанның көліктік-логистикалық кешенің дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаны орындау жөніндегі Компания алдында тұрған міндеттерді шешуде жастардың қосар үлесі зор.

2009 жылдан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ жас кадрлардың инновациялық әлеуетін дамыту, кәсіби, тұлғалық өсімі үшін жағдайлар жасауға бағытталған Жастар саясаты бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде теміржол саласы үшін жас мамандарды даярлауға ерекше назар аударылып келеді. Жыл сайын жақсы және өте жақсы үлгеріммен оқып жүрген жас толқын өкілдеріне Компания Басқарма төрағасының Атаулы шәкіртақыларын және «Магистраль» бағдарламасымен оқуға білім грантын беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соңғы 3 жылда «Магистраль» бағдарламасы бойынша 60 білім гранты және 33 атаулы шәкіртақы берілген. Компания жұмысына жас мамандарды тарту үшін болашағынан үміт күттіретін жастарды таңдаудан бастап олардың маңсаптық өсімі мен дамуында әр түрлі тәсілдер қолданылып келеді. 2016 жылдан бастап Компания кәсіпорындарына салалық жоғары оқу орнының шамамен 240 түлегі жұмысқа орналастырылған.

Теміржол саласындағы жұмыстың тартымдылығын жақсарту және кадрлық әлеуетін нығайту, сақтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерін әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету, соның ішінде баспана мәселесін шешу бойынша міндеттемелерді өз мойнына алған.

Компаниядағы Жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде олардың кәсіби және тұлғалық дамуы үшін жыл сайын республикалық жастар форумы, «Сен болмасаң, кім?» жастар корпоративтік лагерінің сессиялары, жылсайынғы «Жас кәсіби маман» жастар сыйлығын беру бойынша конкурстары және жыл сайын «Жоба-менеджмент» өңірлік инновациялық конкурстары өткізілуде.

Бүгінгі таңда Компания мен оның еншілес ұйымдарында 52 мың жас қызметкер жұмыс істесе, бұл барлық қызметкерлер санының 39%-ын құрауда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: