Главная Новости 105 МВт: Жетісудың Қараталы күн қуатынан энергия өндіріп отыр
14 қазан 2022, 15:00 1870

105 МВт: Жетісудың Қараталы күн қуатынан энергия өндіріп отыр

105 МВт: Жетісудың Қараталы күн қуатынан энергия өндіріп отыр

Бүгінгі күні Жетісу облысында жалпы қуаты 104,7 МВт болатын 12 жаңартылатын энергия көздерінің нысаны бар. Соның бірі – Қаратал ауданындағы «Үштөбе» күн электр станциясы, деп хабарлады Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қуаттылығы сағатына 4,95 МВт құрайтын стансының құрылысы 2021 жылдан басталып, биылғы жылдың көктемінен іске қосылды. Оған 1,5 млрд теңге инвестиция тартылған.

Кәсіпорынның бас диспетчері Бауыржан Әлімбаевтың айтуына қарағанда, 10 гектар аумақта 11 008 күн панельдері қойылған. Бір панель күніне 450 КВт электр өндіреді, ал тұтас стансы ауа райының жағдайына қарай күніне 18-ден 43 МВт-қа дейін қуат өндіреді. Электр энергиясы «KEGOC» АҚ желісіне жеткізіледі.

Қазір мұнда 11 адам жұмыс істейді. Жаңартылған энергия көздерін өндіру ісін жергілікті мамандарға ресейлік инвестор компанияның бас инженерлері арнайы келіп үйреткен. Жергілікті мамандар аймақта энергия өндірудің жаңа түрін меңгергендеріне қуанышты. Жұмысшылардың жалақысы орта есеппен 250 мың теңге.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметіне сүйенсек, Жетісу өңірінде жалпы қуаты 104,7 МВт болатын 12 жаңартылатын энергия көздерінің объектісі бар. Облыстың электр энергиясын тұтыну қажеттілігі 1,6 млрд кВтс құрайды, соның 433 млн кВтс өзімізде өндірілсе,  ондағы ЖЭК үлесі – 273 млн кВтс.

Биыл жалпы қуаты 50 МВт, құны 19,2 млрд теңге, 6 жұмыс орнын құратын тағы 1 жоба Сарқан ауданында іске қосылады деп күтілуде. Ал 2025 жылға дейін жалпы қуаты 156 МВт, құны 87,3 млрд теңге және 10 жобаны іске асыру жоспарланған, оларда 141 жұмыс орны құрылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: