Главная Новости 2019 жыл Самұрық-Қазына үшін қандай болды?
05 қаңтар 2020, 08:25 1996

2019 жыл Самұрық-Қазына үшін қандай болды?

2019 жыл Самұрық-Қазына үшін қандай болды?

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ 2019 жылды жемісті аяқтап отыр. Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов жуырда өткен "Digital Samruk-2019" конференциясында Қор бұған дейін болмаған қаржылық-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізгенін айтты.

Анығырақ тоқталсақ, 2019 жылдың түйінінде "Самұрық-Қазына" қорындағы Трансформация бағдарламасын жүзеге асырудан түскен пайда көлемі 86 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, қоржындық компаниялар басшылары қатысқан алқалы жиында А.Есімов ағымдағыжылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қор компаниялар тобының таза табысы шамамен 1 трлн 150 млрд теңгені құрағанын мәлім етті.

Осыған орай біз де жылды қорытындылай отырып, негізігі оқиғалар тізбегін назарларыңызға ұсынамыз.

ҚАҢТАР

Жыл басында өткен жиында 2018 жылы "Самұрық-Қазына" қорының табысы 30 пайызға ұлғайғаны хабарланды. Мемлекет бюджетіне қаржы аударымы 1 триллион теңгені құрады. 2018 жылғы сатып алулардың қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ 51 миллиард теңге көлемінде қаржы үнемдегені белгілі болды.

АҚПАН

Қор басшысы Ахметжан Есімов Трансформация бағдарламасын қайта қарап, қоржындық компаниялардың бизнес- мақсаттарына барынша сәйкестендіруді тапсырды.

НАУРЫЗ

Қор Дубай қаласындағы "Nasdaq Dubai MarketSide" алаңында инвесторлармен дөңгелек үстел өткізіп, БАӘ мен Таяу Шығыс елдері компанияларын өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

СӘУІР

Үкімет отырысында Қорда жалпы құны 4,8 млрд теңге болатын 15 әлеуметтік жобаның жүзеге асып жатқаны баяндалды.

Қордың 2024 жылға қарай Орталық Азиядағы бірінші жұмыс беруші, ал 2028 жылға қарай ТМД кеңістігіндегі ең үздік 30 жұмыс беруші болуы тиіс екендігі нұсқалды.

МАМЫР

"FlyArystan" лоукостері алғашқы рейсін ұшырды.

"Самұрық-Қазына" АҚ мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы келісімшарт шеңберінде жаңа өндірістерді қолдауға бағытталған кем дегенде 10 оффтейк-келісім жасау жоспарланған.

МАУСЫМ

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Импортты алмастыру бағдарламасы аясында бес жаңа өндіріс ашылды.

ШІЛДЕ

"Жас Өркен" бағдарламасы бойынша Қазақстандағы жоғары оқу орындарының 16 студенті "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобына жұмысқа тұрды.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобына жұмысқа тұрды. Қор басшысы Ахметжан Есімов Арыс және Түркістан қалаларына барды. Аталған шаһарлардағы нысандарды қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына Қор 42,2 млрд теңге бөлді.

Елордада "Самұрық-Қазына" АҚ қолдауымен Жекпежек сарайы бой көтерді.

ТАМЫЗ

"Самұрық-Қазына" қоры бос жұмыс орындары бойынша "Samruk Qyzmet" бірыңғай электрондық платформасын іске қосты.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ кадрлық саясаты дарынды жастарға бағытталған. Бұл туралы "Үздік маман" байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлім етті.

ҚЫРКҮЙЕК

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Арыс қаласында әлеуметтік инфрақұрылымның 68 нысанын қалпына келтірді.

Лондон қор биржасы мен "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасында Қордың жетекші компаниясы – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ ғаламдық депозитарлық қолхаттарын қосымша орналастыру сәтті өтіп, 128,2 млн АҚШ доллары көлемінде кіріс түсті.

Қордағы жекешелендіру бағдарламасының арқасында зейнетақы қоры 21 миллиард теңге көлемінде табыс тапты.

ҚАЗАН

Жалпы ұзындығы 1061,3 км құрайтын және 171 елдімекенді қамтитын "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы ресми түрде аяқталды.

ҚАРАША

2019 жылдың соңында Атырау облысында ықпалдастырылған газ-химия кешенінің құрылысы 53%-ға аяқталады. Салыстырсақ, жаңа менеджмент келгенге дейін бұл көрсеткіш 6% болды.

"Цифрлық жаз-2019" тағылымдама бағдарламасының қорытындысы бойынша Қордың қоржындық компанияларына 11 үздік тағылымдамадан өтуші жұмысқа орналасты.

ЖЕЛТОҚСАН

2019 жылдың түйінінде "Самұрық-Қазына" қорындағы Трансформация бағдарламасын жүзеге асырудан түскен табыс көлемі 86 млрд теңгеге жетеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Қор жетекшісі Ахметжан Есімов ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, қоржындық компаниялар басшылары қатысқан "Digital Samruk-2019" конференциясы барысында мәлім етті.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобының сыртқы қарызы 2019 жылы 650 млн АҚШ долларына қысқарады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: