Главная Новости 2020 жылы кімнің жалақысы мен жәрдемақысы өседі?
26 желтоқсан 2019, 15:03 5755

2020 жылы кімнің жалақысы мен жәрдемақысы өседі?

2020 жылы кімнің жалақысы мен жәрдемақысы өседі? Сурет: ашық дереккөзден

Келесі жылдан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 500 мың мұғалімнің жалақысы 25%-ға артады. Сондай-ақ, 34 мың мәдениет, өнер және мұрағат қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға, 215 мың дәрігерге 30%-ға және медбикелерге 20%-ға, 25 мың әлеуметтік қызметкерлерге орта есеппен 30%-ға көтеріледі деп күтілуде деп хабарлайды ҚР Үкіметі сайты.

Жаңа жылда 2,2 млн қазақстандықтың зейнетақысы 7%-ға, мемлекеттік жәрдемақы 5%-ға индексацияланбақ. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын 132 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік төлемдердің мөлшері орта есеппен 30%-ға артады деп жоспарлануда.

Бұдан өзге, келесі жылдан бастап еңбекке қабілетінен айырылу және асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушыларға қайта есептеуге қосымша ретінде әлеуметтік төлемдерді 5%-ға индекстеу қарастырылған.

«Жалпы, еліміздің бюджетіндегі әлеуметтік шығындардың үлесі жыл сайын артып келеді. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2018 жылы бұл үлес 43% болды, 2019 жылы – 45%, 2020 жылы — 50%. Бұл біздің ел басшылығының саяси бағыты әлеуметтік сипатта екенін, яғни халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын білдіреді», — дейді ҚР Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар, 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 6,3 млн-нан астам қазақстандықты қамтып отыр, бұл еліміздің жұмыспен қамтылған халқының 72%-нан астамын құрайды.

«Бүгінде біз дайынбыз. Қазақстандықтардың мәліметтерін өзектілендірдік, мәртебесін анықтап, есепке алдық, қолданыстағы ақпараттық жүйелерді кіріктірдік», — дейді Бердібек Сапарбаев.

МӘМС енгізу нәтижесінде келесі жылдан бастап бір сақтандырылушыға шығындардың 57,5%-ға – 55 мың теңгеде 87 мың теңгеге дейін өсуі көзделудде. Нәтижесінде медициналық инфрақұрылым дамып, медициналық техникамен жарақтандырылу деңгейі 70%-дан аспақ және де жоғары технологиялы медициналық көмекке қолжетімділік мен медициналық қызметтер көрсету сапасы артпақ.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақының көлемі бұрынғы деңгейде, 42 500 теңге күйінде қалмақ. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы 16 839 теңгеге ұлғайып, ең төменгі зейнетақының көлемі 38 636 теңге болады деп мәлімделуде.

Бұдан бөлек, айлық есептік көрсеткіш – 2 651 теңге, ал ең төменгі күнкөрістің деңгейі 31 183 теңгеге дейін көтерілмек.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: