Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"ҚазТрансОйл" АҚ "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырының құрылысы кезінде цифрлық рентгенді қолданады. Жаңа технологияны қолдану нәтижесінде құбырдағы дәнекерленген жіктің сапасы туралы сараптамалық қорытынды алу уақыты 36 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқартылды деп хабарлайды Компанияның баспасөз қызметі.
Мұнай құбырларындағы дәнекерленген тұстарды радиографиялық бақылау әдісі құбыр бөлігіне медициналық тәсілдегі сияқты рентген сәулесін түсіру қағидатына негізделген. Дәнекерленген түйіспеде сәуле түсетін қабық болады. Кейін қабықты шығарады, кептіреді, ақаутапқыш арқылы өткізеді де дәнекерленген жікте ақаулардың болуы немесе болмауы туралы қорытынды береді.
"Дәнекерлеу кезінен бастап қорытынды шығарғанға дейін бірнеше тәулік өтуі мүмкін. Осы уақыт ішінде дәнекерлеу бригадасы шамамен 40 түйіспе жасай алады. Салыстыру үшін 80 түйіспе – құбырдың бір шақырымын құрайды. Әдепкі рентген сәулелерінен айырмашылығы, цифрлық әдіс кескіндерді шығаруды және кептіруді қажет етпейді. Барлық ақпарат компьютердің мониторында көрсетіледі. Бұл процесті едәуір жылдамдатады. Екі сағат ішінде бригада қандай дәнекерлеуші және қай жерде қате жібергенін толық біледі", - дейді "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының орынбасары Сәбит Арынов.
Мамандардың пікірінше, мұнай құбырларындағы дәнекерленген тұстарды радиографиялық бақылау әдісі ең дәл болып саналады. Бұл дәнекерленген тұстардың сапасын тексеру және мұнай-газ құбырларын, өнеркәсіптік құбырларды салу және орнату кезінде ақауларды анықтау үшін қолданылады.
Қазіргі кезде цифрлық рентген Ресейде, Қазақстанда және АҚШ аумағында қолданылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
71
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы