Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде отандық көмір өндірушілердің қатысуымен жиындар өткізілуде. Олардың барысында кәсіпорындардың былтырғы өндірістік жетістіктері мен 2023 жылға арналған жоспарлары қаралып жатыр.
ИИДМ Көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игісіновтің айтуынша, 2022 жылы көмір өндіруші компаниялар 113,9 млн тонна қатты отын өндіріп, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,9-ға көп.
«2022 жылдың қорытындысы бойынша көмір экспорты 32,5 млн тоннаға жетті. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 11,03 млн тонна, энергетикалық кешендерге 64,4 млн тонна, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарға 5,97 млн тонна көмір жөнелтілді», – деді Жанат Игісінов.
Министрлік жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде 2022-2023 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың қажеттілігіне байланысты көмір өнімдері көлемінің жоспарын дайындады. Соған сәйкес тұтыну көлемі – 9 млн тоннаға жетпек. Оның ішінде коммуналдық тұрмыстық сектор 2,2 млн тоннаны пайдаланса, халық тұтынатын қатты отынның көлемі 6,8 млн тоннаға жетеді деп болжанып отыр.

Биыл (23 қаңтардағы жағдай бойынша) өңірлерге 7,6 млн тонна көмір жеткізіліп, бұл қажеттіліктің 84,1%-на тең.
«Биылғы жылыту маусымы кезеңінде қатты отынның тапшылығын болдырмау мақсатында министрлік 2022 жылдың 30-шы қыркүйегінен бастап көмірді елімізден 6 айға автомобиль көлігімен шығаруға шектеп, арнайы бұйрық шығарды», – деді Жанат Игісінов.
Сонымен қатар ведомство былтыр еліміздегі екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, қаржы және сауда ұйымдарының мобильді қосымшалары арқылы әлеуметтік көмірді сату бойынша жобаны қолға алғанын айта кетейік. Қазір аталған тетік арқылы еліміздің 9 өңірінде 17 оператор көмір сатып келеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
138
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»