Главная Новости 2025 жылға меже: Қазпошта өндірістік алаңдар аумағын 2,4 есе ұлғайтады
16 маусым 2021, 11:21 1005

2025 жылға меже: Қазпошта өндірістік алаңдар аумағын 2,4 есе ұлғайтады

2025 жылға меже: Қазпошта өндірістік алаңдар аумағын 2,4 есе ұлғайтады

«Қазпошта» АҚ логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасын қабылдады. Бүгінде ұлттық пошта операторының қарамағында 13 сұрыптау орталығы және 3 хаб бар. Олардың аумағы 25 мың шаршы метрден асып жығылады. Қазпошта алдағы 5 жылда  өндірістік алаңдардың көлемін қосымша 33,4 мың шаршы метрге ұлғайтпақ.

«Бірінші кезекте Шымкент, Қарағанды және Өскемендегі өндірістік алаңдар ұлғайтылады. Бұл қалаларда логистикалық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар біз пошта-логистикалық қызметтің сапасын арттыру жолында жұмыс барысын барынша цифрландыруға басымдық беріп отырмыз. Бүгінде өндірістік қуаттылықтарды  заманауи және технологилық құрылғылармен жабдықтау, сұрыптаудың автоматтық жүйелерін және ақпараттық бағдарламаларды ендіру  жұмыстары қолға алынды. Бұл ретте біздің ІТ-мамандар жұмыс процесін автоматтандыру үшін арнайы жасап шығарған өзіміздің цифрлық өнімдерге басымдық беріп отырмыз», – деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев.

Технологиялар өндірісте еңбек ететін мамандарға қолғабыс етеді.  «Қазпошта» АҚ жасап шығарған мобильді қосымша  процестерді автоматтандыру арқылы пошта жөнелтілімдерін өңдеуге, тиеуге және артуға жұмсалатын уақытты қысқартады.  

Бағдарлама мобильді терминалдарға орнатылады. Сканер арқылы пошта жөнелтіліміндегі ақпарат поштаны тіркеу жүйесінде бірден көрсетіледі. Оның негізінде ілеспе құжаттар автоматты түрде қалыптасады және қызметкерге бұл ақпаратты тікелей жұмыс компьютері арқылы енгізу қажеттігі болмайды. Сканерлеу жұмыстары сәлемдемелер мен хат-хабарлар сұрыптау орталығына жеткізілген кезде және оларды жөнелту кезінде екі рет жүргізіледі. Бағдарлама пошта жөнелтілімдері дұрыс бағдарға артылмаған жағдайды да айқындайды. 

Контейнерлік тасымалды қолданысқа енгізу және жүктерді паллеттеу – қызмет сапасын жақсартуға бағытталған кешенді шаралардың бірі. Бұл өз кезегінде пошта жөнелтілімдерінің деформациялану ықтималдығын барынша азайтады,  контейнердің ішіндегі заттарға қолжетімділікті шектейді, арту-тиеу жұмыстарына қажетті уақытты қысқартады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: