Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2025 жылдың соңына дейін 4 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгізіледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
Оның айтуынша, ақылы төлем жүйесі реконструкцияланған жолдарды нормативтік жағдайда күтіп-ұстау шығындарын толық көлемде өтеуге және республикалық бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
«Ақылы жол реконструкциялау немесе жол-жөндеу жұмыстарынан кейін енгізіледі. Бұл жол қауіпсіздігі мен оның қолайлылығын қамтамасыз етеді. Жолдарға жұмсалған шығынды одан әрі өзін-өзі ақтау мақсатында ұзындығы 2500 шақырым екінші санаттағы автожол учаскелерінде қоғамдық пікірді ескере отырып және оларды нормативтік жағдайға келтіргеннен кейін ақылы төлем жүйесін енгізу қарастырылып жатыр», - деді Қайырбек Өскенбаев.
Жалпы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін ұзындығы 4 мың шақырым бірінші және екінші санаттағы автожолдар учаскелерінде қосымша ақылы жолдар енгізу көзделген.
2021 жылы еліміздегі ақылы жолдардан 8 млрд теңге қаржы түскен. Бұл қаржы сол жолдарды күтіп баптау мен сапасын арттыра түсуге жұмсалады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!