Главная Новости 2027 жылы Түркістанда жаңа күн электр станциясы іске қосылады
26 мая 2026, 16:22 44

2027 жылы Түркістанда жаңа күн электр станциясы іске қосылады

2027 жылы Түркістанда жаңа күн электр станциясы іске қосылады

Самұрық-Энергоның еншілес компаниясы — Qazaq Green Power PLC қытайлық Energy China компаниясымен бірлесіп, Түркістан облысының Сауран ауданында қуаты 300 МВт күн электр станциясының құрылысын жалғастыруда.

Жоба құрылыстың белсенді кезеңіне өтіп, құрылыс алаңында іргетас құю және станцияның негізгі технологиялық жабдықтарын монтаждау жұмыстары басталды. ▪️Бүгінгі таңда күн электр станциясының кеңсе ғимараттары, тұрғын блоктары мен қойма алаңдары салынған.

Жобаға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 200 млн АҚШ долларынан асады. Пайдалануға берілгеннен кейін станция жыл сайын 600 млн кВт⋅сағ астам экологиялық таза электр энергиясын өндіретін болады. Жоба еліміздегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттырып, оңтүстік өңірлеріндегі электр энергиясы тапшылығын азайтады. тақырып керек

Станция құрылысы барысында заманауи технологиялық шешімдер, сонымен қатар энергия жинақтау жүйесі қолданылады. Бұл генерация тұрақтылығын қамтамасыз етіп, электр энергиясын бірыңғай желіге жеткізу тиімділігін арттырады.

Сонымен қатар жоба өңірде қосымша жұмыс орындарын ашуға, инвестициялар тартуға және инфрақұрылымды одан әрі дамытуға серпін береді.  Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында жүзеге асырылуда. Күн электр станциясын пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: