Главная Новости 39 кәсіпорын Ashyq жобасынан шығарылды
30 маусым 2021, 08:30 1011

39 кәсіпорын Ashyq жобасынан шығарылды

39 кәсіпорын Ashyq жобасынан шығарылды

Олар келушілер түгілі, өз қызметкерлерін де Ashyq арқылы тексермеген, деп хабарлады Информбюро порталы.

Қазақстан бойынша 10 932 бизнес субъект Ashyq жобасына қатысып жатыр. Тағы 524 кәсіпкер қатысуға өтінім берді. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салтанат Лесбаева мәлімдеді. 

Ashyq жобасын жалпы 4 миллион қолданушы пайдаланады. Күн сайын 200 мың рет сканерлеу жүргізіледі. 

"Бүгінгі таңда жоба барлық Қазақстан аумағы бойынша 5 088 келушінің "қызыл" және 998 адамның "сары" статуспен жүргенін анықтады. Бұл 3 маусымдағы көрсеткішпен салыстырғанда, 3 107 келушіге артық. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында – 250, Алматы әуежайында 171 жолаушы коронавируспен ауырғанына қарамастан ұшуға тырысқан. Бұл ең аз дегенде 15 мың қазақстандықты ауру жұқтырудан және 61 адамды өлімнен аман алып қалдық деген сөз", – деді Салтанат Лесбаева. 

4 маусымдағы жағдай бойынша, Алматы қаласында барлығы 1 700 қатысушы болса, бүгін олардың саны 2 332-ге жеткен:

  • фитнес және сауықтыру орталықтары – 184;
  • спа орталықтары – 76;
  • бассейндер – 48;
  • боулинг орталықтары – 5;
  • бильярд клубтары – 24;
  • компьютерлік клубтар – 137;
  • сауна мен монша – 114;
  • қоғамдық тамақтану объектілері – 1 605;
  • кинотеатр мен филармония, концерт залдары – 53;
  • лоторея клубтары мен лоторея өткізудің өзге нысандары – 32;
  • жабық балалар ойын-сауық орталықтары – 22;
  • көрме – 1;
  • марафон өткізу орталықтары – 6;
  • цирк – 1;
  • Алматы қаласы әуежайы мен теміржол вокзалдары – 3;
  • халыққа қызмет көрсету саласындағы объекті, қонақ үй мен тағы басқа объектілер – 15.

Сондай-ақ, Салтанат Лесбаева тестілік режимде 148 бизнес субъектісінің, жеңілдіксіз 87 объектінің қатысып жатқанын хабарлады. 

"Бүгінде 108 объекті жоба лидері болып отыр. Әкімдік сайтында жобаға өз еркімен қатысқысы келетіндердің тізімін жарияладық. Мұндай қатысушылар ішінде лидер ретінде Алматы әуежайы, ірі кинотеатр, театр және басқа объектілерді атап өтуге болады", – деді директордың орынбасары. 

Бұдан өзге, 39 объектінің келушілер түгілі, өз қызметкерлерін жоба арқылы тексермегені белгілі болды. Олар келесі екі белгі бойынша жобадан шығарылды:

  • жобаға қатысу шарттарын бұзу;
  • ведомство аралық комиссияның шешіміне сәйкес, сканерлеу көрсеткішінің "0" деңгейінде болуы. 

Еске салсақ, Нұр-Сұлтанда Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істейтін нысандарда 5 сәуір мен 28 маусым аралығында 4 039 адамның үй карантинін бұзғаны анықталды. Оның ішінде 1 888 науқас және 2 151 байланыста болған адам бар. 

Сондай-ақ, 11-28 маусым аралығында 491 адамның үй карантинін бұзғаны белгілі болды:

  • жұқтырғандар, яғни "қызыл" статусы бар – 247 адам;
  • ал жақын байланыста болғандар, "сары" статусы бар – 244 адам.

Аумақтық басқармалар санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы 23 қаулы тапсырды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 4 хабарлама берді.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер құқық бұзушылардың басым бөлігі нысандарда анықталғанын хабарлады. Тиісінше науқастардың ең көп саны да сол орындарда тіркеледі:

  • Есіл ауданында – 33%;
  • Алматы ауданында – 30%;
  • Сарыарқа ауданында – 22%;
  • Байқоңыр ауданында – 15%.
Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: