Главная Новости 60 жаста пауэрлифтингпен айналысу оңай ма?
10 шілде 2020, 08:24 1472

60 жаста пауэрлифтингпен айналысу оңай ма?

60 жаста пауэрлифтингпен айналысу оңай ма?

Қазақстандық параспортшы туралы әсерлі оқиғаны «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры өзінің ресми сайтында жариялап отыр.

Маңғыстау облысында «Шектеусіз спорт» жобасы жүзеге асырылады, оның шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пауэрлифтинг секциясы жұмыс істейді. Залға 70-тен астам спортшы мен параспортшылар, кәсіпқойлар мен әуесқойлар келіп спортпен айналысады. Барлық дерлік спортшы Қазақстанда және әлемдік аренада пауэрлифтинг және орындықта жатып көтеру бойынша жетістіктерге қол жеткізген.

Олардың ішінде 59 жасар Бақыт Құдайбергенова да бар. Оны спортшылар сыпайы түрде «Бақыт апа» деп атайды,  ол өз құрдастарының көпшілігіне үйреншікті өмір сүреді. Бірақ спорт әйел өмірінде ерекше орын алады - аптасына үш-төрт күнді жаттығуларға арнайды.

Бақыт балалық шағында аяғын сындырып алған. Қарапайым, сынық мүгедектікке айналып, оны ұзақ уақыт бойы арбаға таңып қойды. Ата-анасы баласын аяққа тұрғызуға тырысты, көптеген дәрігерлердің қарауында болды, бірақ барлық әрекеттер сәтсіз аяқталды. Мектеп бітіргеннен кейін Бақыт емін жалғастырды, ауруханаларға барып, Елизарова аппаратын пайдаланды. Қыз бала баяу жүре бастамас бұрын бірнеше жыл уақыт өтеді.

«Әр түрлі емдеу әдістерін қолданғаннан соң, үлкен қиындықтардың нәтижесінде балдақтардың көмегімен жүре бастадым. Сол кезде мен мүгедектігі бар адамдар спортпен айналыса алатынын біліп, оған қызығушылық таныта бастадым. 1992 жылы Маңғыстауда алғаш рет пауэрлифтинг федерациясы ашылды. Мен ауыр атлетика секциясына жазылдым, бірақ спорт түрімен ұлымды дүниеге алып келгеннен кейін шындап айналыса бастадым», - дейді Бақыт Құдайбергенова.

Біздің кейіпкеріміздің кәсіби спорттағы жолы оңай болмады. Спортшы болудан бұрын, оған өмірлік сынақтардан өтуге тура келді. Бақыт апаның мүгедек болып қалғаны аздай, оның тағдырына өзге де қиыншылықтар жазылған екен.

«Бір сәтте менің өмірім түбегейлі өзгеріп шыға келді. Күйеуімнен айырылып кішкентай баламен қалдым, әкемді жоғалттым, анам сал болып қалды. Бұл мен үшін қиын кезең болды. Бірақ мен спорттан жан тыныштығын таптым, ол менің ойымды өмірлік мәселелерден алып шықты. Алдымен қалалық, содан кейін республикалық жарыстарда жеңе бастағанымды байқамай қалдым. Сол кезде мүгедектігі бар спортшылар сирек кездесетін, әсіресе әйелдер, сондықтан бапкерлер маған ерекше көңіл бөлді», - дейді Бақыт апа.

Пауэрлифтингтен басқа, әйел үшсайыс, үстел теннисі, жүзу және басқа да спорт түрлерімен айналысты. Соңғы жылдары Бақыт Құдайбергенова бар күшін ауыр атлетикаға шоғырландырды, сонымен қатар тоғызқұмалақ ойынымен шұғылданады.

«Мүгедектік - бұл үкім емес. Мен мұны өзіме деген бір сын ретінде қабылдаймын. Ұзақ жолдан өттім, көптеген атақтар мен марапаттарым бар. Оның бәрінде ұлым маған қолдау көрсетеді, біз бірге жаттығуларға барамыз. Менің жасым 60-қа таяп қалды және ауыр штангаларды көтеріп, жатыққаннан рахаттанамын. Менің ойымша, ештеңеге қарамастан спортпен айналысу және салауатты өмір салтын ұстану өте маңызды», - дейді Бақыт-апа.

«Біздің жобамыздың бағыты - дені сау спортшылар мен парапортшы-пауэрлифтерлерді қолдау, оларды халықаралық және әлемдік деңгейдегі түрлі чемпионаттарға дайындау, сондай-ақ Маңғыстау облысының тұрғындары арасында бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын дамыту», - дейді Ғани Исентеміров.

Ғани да парапауэрлифтер және спорттың ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді.

«Мүгедектігі бар адамдарға көмектесу идеясы бұрыннан пайда болды, бірақ оны жүзеге асыру үшін тұрақты қаражат қажет, себебі жаттықтырушыларға ақы төлеп, арнайы құрал-жабдықтар сатып алу керек. Сондықтан біз әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысу керек деген ойға келдік. 2019 жылы «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асыратын «Әрекет» жобасында жеңіске жеттік», - деп атап өтті Ғани.

Грант қаражатынан басқа федерация өкілдері білім алу мүмкіндігіне ие болды. Олар үшін әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша оқыту бағдарламасы ұйымдастырылды. «Әрекет»  жобасында оқу үдерісі үздіксіз, жобаны жүзеге асыру уақытында оның қатысушылары воркшоптар мен вебинарлар арқылы жаңа білім мен дағдыларды алады.

«Дені сау спортшылар біздің залға ақылы негізде барады. Бұл мүгедектігі бар адамдарға тегін айналысуға мүмкіндік береді. Біз көбірек мүмкіндігі шектеулі жастарды өз денсаулықтарын түзеп, қоғамға бейімделуге көмектесу үшін тартамыз», - дейді Ғани.

Пандемияға байланысты зал уақытша жұмысын тоқтатты, бірақ оның келушілері өз жаттығуларын жалғастыру үшін қайта ашылуын асыға күтеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: