Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Әзірбайжанның "Socar" мемлекеттік мұнай-газ компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаевпен кездесті. Кездесу барысында тараптардың еншілес компаниялары – "KMG Drilling & Services" ЖШС атынан бас директор А.Шоқпытов және "Caspian Drilling Company Ltd" атынан бас директор Ф.Ахундов өзі көтерілетін қалқымалы бұрғылау қондырғысын сенімді басқару шартына қол қойды деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
"Шарттың негізгі мақсаты әзірбайжандық тарап іске асырып жатқан жобаларда қондырғыны пайдалану болып табылады. Нақты айтқанда, сондай жобалардың бірі "Вritish Рetroleum" компаниясы игерудегі Абшерон құрылымында қондырғыны қолдануға бағытталған. Сондай-ақ ынтымақтастық аясында қондырғыны жаңғырту жұмыстары көзделген, бұл тереңдігі 6000 метрден асатын барлау ұңғымаларын қауіпсіз және тиімді бұрғылауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қазақстандық мамандар қондырғыны Каспий теңізінің әзірбайжандық секторында пайдалану барысында бұрғылауға қатысады және техникалық қолдау көрсететін болады", делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 26 қаңтарыда Баку қаласында ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және SOCAR президенті Ровнаг Абдуллаев өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған еді. Аталған құжат компаниялар арасындағы, соның ішінде Каспийде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу саласындағы, атап айтқанда көмірсутек шикізатын барлау бойынша геологиялық-геофизикалық материалдарды бірлесіп зерттеу, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерінің логистикасы, трейдингі саласындағы ынтымақтастықтың үлкен мүмкіндіктерін көздейді. Ынтымақтастықтың нақты жобасы ретінде меморандумда, Каспий теңізінің Әзірбайжан айдынындағы жобаларда бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін қондырғыны бірлесе пайдалану қарастырылған.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
75
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
83
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы