Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
62 жайлы мектептің құрылысына қайта конкурс жарияланды. Өтінімдерді қабылдау бүгін басталды. Бұл туралы Samruk-Kazyna Construction Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Ғабит Малғаздаров мәлімдеді. Өтінімдер skcn.qaz.network. онлайн-платформасында электронды түрде қабылданады. Тағы 24 мектеп бойынша байқау Үкіметтің №963 Қаулысына өзгерістер енгізілгеннен кейін жарияланбақ.
Бұған дейін 185 жайлы мектептің құрылысына жарияланған конкурс қорытындысы белгілі болған еді. 118 нысан бойынша мердігерлер анықталып, олармен мектептерді «дайын күйде» тапсыру бойынша 110 келісімшарт жасалды, ал қалған 8 шарт шағымдарың түсуіне байланысты тоқтатылды. 52 лот бойынша жеңімпаз анықталмады, 15 лоттың күші жойылды.
Ұлттық жоба аясында 400 жуық жайлы мектеп салу жоспарлануда. Олардың жартысынан астамы 2024 жылдың соңына дейін, қалғаны 2025 жыл біткенше тапсырылады. Осылайша ел бойынша 800 000 астам оқушы орны пайда болады. Жайлы мектептер сыйымдылығына байланысты 7 түрлі болады: 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000, 2500 орын. Айта кетейік, бір мектептің құрылысына жұмсалатын қаражаттың нақты сомасы жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады.
Жайлы мектептердің ерекшеліктері:
Сонымен қатар, жоспар бойынша әр мектепте кіріп-шығуды бақылау жүйесі, сондай-ақ террористік шабуыл қаупі туындаған жағдайда есіктерді автоматты түрде құлыптау функциясы орнатылады.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасының жалпы бюджеті – 2,6 трлн теңге. Республикалық бюджеттен 1 трлн 960 млрд теңге, Ұлттық қордан 646 млрд теңге бөлінді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
201
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи