Главная Новости 72 ауыл, 912 км ТОБЖ. Жамбыл облысын «оптикаландыру» нәтижелері
09 желтоқсан 2020, 08:53 1369

72 ауыл, 912 км ТОБЖ. Жамбыл облысын «оптикаландыру» нәтижелері

72 ауыл, 912 км ТОБЖ. Жамбыл облысын «оптикаландыру» нәтижелері

Жамбыл облысының 72 ауылына бірдей жылдамдығы жоғары Интернет жеткізілді. Бұл ауылдарға «Қазақтелеком» жалпы 912 км ТОБЖ тартты. Қазір өңірдің шалғай ауылдарындағы 223 мемлекеттік мекеме кең жолақты интернетке қосылған.

Жамбыл облысы «оптика» желісі түгел тартылған соңғы өңірлердің бірі болып отыр. Облыстың Қордай ауданы ауылдарына жаңа байланыс желісін тарту қиын болды. Өйткені аудан негізінен тау баурайына орын тепкен. Ал тау-тастың арасынан кабель тарту қиынның қиыны екендігі айтпаса да түсінікті.

«Желтоқсанның басында Қордай ауданының соңғы 2 ауылын – Үлкенсұлуторы және Сұлуторы ауылдарын интернетке қостық. Ең қиын участкелер осылар болатын. Бұл ауылдарға апаратын бұралаң жол тау-тастың арасынан өткендіктен, кабельді жобаға сай жолдың жағасынан өткізудің мүмкіндігі болмады. Сондықтан жобаны өзгертіп, бір километрдей желіні тау-тастың арасынан тура тарттық. Техника бара алмаған жерлерде траншеяны қолмен қазуға тура келді», – дейді «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік ӨТД Қордай ЖТЦ бастығы Ерік Құрымбаев.

Қордай ауданының Қырғызстанмен шектесетін Ауқатты ауылында 6,5 мың адам тұрады. Мұндағы бюджеттік ұйымдар «оптика» келгенге дейін өткізу қабілеті төмен радиорелелік байланыс желісіне қосылған болатын. Бұл байланыстың жылдамдығы мен сапасын тым төмендетіп жіберетін. Ал енді ауылдың әкімдігі, полиция пункті, мектеп және фельдшер пункті оптикалық талшыққа қосылды.

«Бізге тұрғындар түрліше құжат немесе анықтама сұрап жиі келетін. Оны алу үшін ондаған шақырым жердегі аудан орталығына баратынбыз. Ал қазір соның бәрі оп-оңай, біз келген адамның бәрінің құжатын кабинетте отырып ресімдеп беріп жүрміз», – дейді Ауқатты ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы Алтынай Базғиева.

Жалпы 828 ауылды қамтитын АЕМ ТОБЖ жобасын толық аяқтау үшін «Қазақтелеком» енді Түркістан облысының 10 ауылына «оптика» желісін тартуы керек. Алдағы уақытта ТОБЖ қосылу нүктелеріне ұялы байланыс компаниялары өздерінің базалық станцияларын орнатып, ауыл тұрғындарына жылдамдығы жоғары мобильді интернет және байланыс қызметтерін көрсете алады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: