Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Әуепаркін үшінші 180 орындық Airbus A320 әуелайнерімен толықтырған FlyArystan қазақстандық лоукостері Семейден Нұр-Сұлтанға және де кері бағытта бірінші сапарын орындады. Семейге небары 1 сағаттық сапар 5999 теңгеден басталады, бұл баға бүгінгі күнгі нарықтық бағадан 58% төмен екенін атап кеткен жөн деп сендіреді әуетасымалдаушы.
Бірінші рейстің құрметті жолаушылары – 72 жасар Ғайникамал Қамзабековна мен 70 жасар Қазима Көшембайқызы атты апалар қонған бетте қызыл бауды кесіп, өз баталарын берді.
Олармен қатар жерлестерін Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов те құттықтады. Қала басшылығының сөзінше, лоукостердің пайда болуы Семей әуежайының дамуына септігін тигізумен қатар, келер жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойына туристтердің санын арттыруға көмектеседі.
"Біз үшінші бортымызды қабылдағаннан кейін, Тараз, Шымкент және Павлодардан кейін Семейге сапар орындағанымыз туралы қуана хабарлаймыз. Бұдан былай ШҚО-ның екінші қаласына тез әрі жайлы қатынаумен қатар, жолаушыларға өте тиімді бағаларды ұсынамыз. Семейден Нұр-Сұлтанға әуетасымал келешекте ұсынылатын рейстердің бірі болып, келешекте олардың саны артады деген сенімдеміз", - дейді FlyArystan сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.
Үстіміздегі жыл соңына дейін лоукостер флотына тағы бір әуе кемесі қосылып, 2020 жылдың соңына дейін әуе паркі 10 ұшаққа дейін көбеймек. Осылайша рейстер мен бағыттар саны 5 еселенеді деп жоспарлануда.

93
23 апреля 20:07
Как «Самрук-Қазына» привлекает финансирование: новые рынки, валюты и баланс рисков
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
126
22 апреля 12:27
Түркістан әуежайына арналған мұнай базасын «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы салады
126
21 апреля 16:30
Қарағандылық теміржолшы әлемдік ареналарға жол тартты