Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жас қазақстандық Абылай Мұстафин Германияның Франкфурт қаласында ментальді арифметикадан өткен "Seven Continents Cup-2019" халықаралық олимпиадасының гранд-чемпионы болды. Аталған ауқымды шараға, биыл, әлем бойынша 500-ден астам оқушы қатысқаны атап өтерлік жайт.
Жас чемпион ментальді арифметиканы оқуды тек 2018 жылы бастаса да, қысқа уақыт аралығында, яғни 8 айда осындай деңгейдегі биік белеске қол жеткізді.

Абылай "Samruk-Kazyna Trust" қорының "Жас таланттар" жобасы аясында тиісті жарыста бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.
"Жас таланттар" жобасының арқасында, талантты балалар, жол жүру гранттарын алу арқылы республикалық және халықаралық байқауларға бара алады.
"Өтінімдерді қарау кезінде комиссия отбасы табысының деңгейін ескереді, көпбалалы, толық емес отбасылардың балаларына, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне ерекше назар аударады", - дейді "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Мирас Іргебаев.
Абылай 11 жаста, Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 мектеп-гимназияның көзі көрмейтін балалар тобында 3-сыныпта оқиды. Диагнозы – шала туғандардың 5-дәрежелі ретинопатиясы (көру қабілетінің болмауы, жарықты сезінбеу).
"Абылай мектепте өзінің мүгедектігіне қарамастан тек белсенді қырынан танылуда. Өте қабілетті оқушы. Абылай барлық есепті есту арқылы шығарады, ал шешімді Брайль әдісі бойынша өзі жазады. Оқу кезінде Абылай қалалық олимпиадаға қатысып, чемпион атағына ие болды және халықаралық олимпиадада супер-чемпион ретінде маңдайы жарқырады", - деген жеңімпаз баланың оқытушысы Сауле Сағымбаева Абылайдың қатысушылардың ішінде тең дәрежеде сайысқан жалғыз көзі көрмейтін бала екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, жол жүру гранттарын беру ережесімен, сондай-ақ өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімімен өтініш берушілер Қордың сайтында, «Құжаттар» бөлімінде таныса алады.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
69
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
78
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы