Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгінде «Жетібаймұнайгаз» ӨБ Қабат қысымын ұстау цехының операторы Алмагүл Көмекқызы диспетчер, машинист, оператор қызметтерін де абыроймен атқарған.
Өндірістің тоқтаусыз жүріп жататын процесінде «мынау жігіттің жұмысы, әйелдер жеңілдеу жағына барсын» деген түсінік жоқ. Алмагүл Нұрханованың Қабат қысымын ұстау цехының операторы болып жұмыс істегеніне биыл 29 жыл толады. Міне, осы уақыт аралығында мұнай кәсібіндегі тауқыметті азаматтармен қатар кешіп келе жатқан Алмагүл апаның да, ұжымдас қыз-келіншектердің де осалдық танытқан жері, сірә, сирек шығар.
Жыл он екі ай жаздың шекеңді шағатын ыстығын былай қойғанда, табиғаттың тосын мінезіне төтеп беру оңай дүние емес. Кейіпкерімізбен өрілген әнгімеміз «Өндіріс өмірі ажарыңызға бәлендей сын тақпапты. Сұлулығыңыздың сыры неде?» деген сауалымыздан басталды.
«Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» деген Абай. Сұлулықтан бұрын тазалықты ұнатамын. Анам мен әкемнің тектен берілген тәлімі, тәрбиесі бізді шыңға шығарып жүр. Адамшылық бар жерде – сұлулық бар. Бауырға, досқа деген жанашырлықты жоғалтпауымыз керек», – дейді Алмагүл Көмекқызы.
Ол 1968 жылы 15 қарашада Түркменстанның Красноводск қаласында туған. Жетібай кентіндегі 3 орта мектепті үздік тәмамдап, 1985 жылы КазПТИ-дің Ақтаудағы филиалына инженер механик мамандығына оқуға түседі. 1992 жылы еңбек жолын Қабат қысымын ұстау цехында 3-дәрежелі оператор болып бастайды.
«Тұрмыс-тіршілікке ерте бастан араластым. Алғаш 1987 жылы ұлутас карьеріне жұмысқа орналастым. ОТК-да тас тексеруші болып істедім.Қай ұжымға барсам да жақсы жандармен өзара ынтымақта қызмет жасадық. Жұмысқа алғаш келгенімде ұңғымаларды таныстырып, білгенімен бөліскен Сейітжан Бірімжанов деген оператор болды, қазір марқұм болып кетті. Жалпы қай кезде де оқуды жаңа бітіріп келген жастарға тәжірибелі мамандардың қолдауы өте маңызды деген ойлаймын. Жұмыста ысылып, кәсіби маман ретінде қалыптасуыма көмегін тигізген аға-апаларға алғысым шексіз», – дейді Алмагүл Көмекқызы.
Диспетчер, машинист, оператор қызметін абыройлы атқарған маман жылдармен жиған білік-білімін өкшесін басып өндіріске келгендерге үйретуден еш жалықпайды.
Алмагүл Нұрханова жұмыс істейтін цехта үш бригада бар. Ол шебер Қуанғали Қырымқұлов жетекшілік ететін цехта еңбек етеді. Бұл цехтың міндеті жер асты қысымын ұстап тұруға бағытталған екен.
«Бұл жерде екі адамбыз, қасымда машинист Гүлнар Тайырова деген әріптесім бар. Станцияға қарасты 4 сораптың көмегімен тәулігіне 800 текше метр су айдаймыз, – деген Алмагүл апа бүгінгі өндірістің тыныс-тіршілігі көз-керім өзгергенін, жаңа заманның тың технологиялары мұнай-газ саласына үлкен серпін бергенін атап өтті. – Біздің тұста жағдай мүлдем болмады, кішкентай вагондарда жан бақтық, ыссы су атымен жоқ, тоқ шәйнекке су қайнатамыз. Бүгінде осының бәрі өткен күндердің еншісінде қалғаны көңілге медеу. Жаңа технологиялық құрал-жабдықтар мұнай-газ саласындағы жұмыстарды едәуір жеңілдетті. Өндіріс басында жарты өмірі өтетін мұнайшылардың әлеуеті едәуір артты. Жаңа асхана, жайлы жатақхана, вахталық әдіспен жұмыс істеушілерге арналған спорт залы, жаттығу орындары, кітапхана, демалыс бөлмесі, бәрі де бар».
Алмагүл апаның ата-анасы да өмірін өндіріске арнаған жандар. Жолдасы Нұрадін Құлшабаев осы мекемеде ұзақ жыл көлік айдады. Інісі Жетібай Нұрханов бүгінде мұнай және газ өндіру цехының слесарі.
Отбасынан жырақта ұрпағының бақытты, бақуатты тұрмысы үшін аянбай тер төккен еңбек адамдарының ел қазынасын еселеу жолындағы ерен ерлігі сан кітапқа арқау болары анық.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
100
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
106
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы