Главная Новости «Адал еңбек қана абыройлы етеді». Үздік маманның ұстанымы
Jas Samuryq20 қазан 2020, 12:47 458 Нұрболат Аманжол

«Адал еңбек қана абыройлы етеді». Үздік маманның ұстанымы

«Адал еңбек қана абыройлы етеді». Үздік маманның ұстанымы

Қазақ даласынан «қара алтын» өндіріле бастағалы бері балалар арасында «мұнайшы болсам» деген арман жетегінде өсетіндер көбейді. Ел үшін маңызы ерекше саланың үздіктері олар үшін үлгі. Солардың бірі – «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС мұнай-газ ұңғыларын бұрғылау бойынша техник-технологы Танбай Битанов.

Танбай компания ішінде өткізілген «Үздік маман» байқауында топ жарған. Бұған еңбектегі жетістіктерінен бөлек, өмірлік ұстанымы да септескен. Әсіресе, әке өсиеті қате бастырмайды: «Еңбекқор болыңдар, еңбектің наны тәтті. Адал болыңдар, адал адамның қашан да жолы ашық. Ақылды болыңдар, ақылы көпті дау алмайды. Қайырымды болыңдар, қайырымды адамның жүрегі мен көңілі кең болады. Көшбасшы болыңдар, көшбасшыны көп адам құрметтейді».

«Мен жүрек қалауымен мамандық таңдап, жұмысқа орналастым. Қызметім мұнай өндіру саласында, мамандығым – жөндеуші. Ұңғы сораптарының кем-кетігін жөндеп, келесі ұңғыға дайындаймын. Менің мамандығым мен қызметімнің мұнай өндіру саласына септігі тиіп отыр деп сеніммен айта аламын», – дейді Танбай.  

Ол жұмыста білікті маман болса, үйде қамқор әке. Отбасын асырап, балалардың болашағын жарқын ету – әке ретіндегі тікелей міндеті. Тынымсыз еңбек етуіне – адал жары мен бес баласы нағыз мотивация.

Жұмыстың оңайы жоқ. Қызмет барысында күтпеген кедергілерге тап болып жатады. Дегенмен, сондай сәтте ақылмен жол табу – сауатты адамның ісі. Бұл – Танбайдың тағы бір қағидасы.

«Өндіріске қадам басқан шақта мен жас, тәжірибесі аз маман едім. «Болат қайнауда шынығады» демекші, алдыңғы буыннан үлгі алып, солар салған сара жолмен жүріп келемін. Мен өз саламның үздігі атану жолындамын. Бұған дейін қабілетімді көрсетіп, даралығымды дәлелдейтін бірқатар тартысты додаларда топ жардым», – дейді үздік маман.

Өндіріс алаңы өз үйіндей болып кеткені соншалық, Танбай өзін басқа салада мүлде елестете алмайды. Машақаты көп болса да, мамандығын жақсы көреді.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: