Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қожанапес Әбдіғалиұлы 1984 жылы «Жетібаймұнайгаз» ӨБ қарасты Өндірістік жұмыстарды ғылыми зерттеу цехында оператор боп еңбек жолын бастайды. Өндірісте ысылып, біраз тәжірибе жинаған Қожанапес Кемалов ұжым арасындағы абырой-беделін адал жүріп, ақ сөйлеп, маңдай терімен тапқан несібенің нәтижесі деп ұғады.
Бүгінде инженер-технолог, шебер, цех бастығы секілді еңбек баспалдақтарынан өткен майталман маманға осы жылды аман-есен аяқтаса, құрметті еңбек демалысының төбесі көрінгелі тұр.
«Қазақта «адамның абыройы өзінен де көп өмір сүреді» деген тәмсіл бар. Мен осыны құптаймын. Әкем мұнай саласында еңбек еткендіктен, біз де осы саладан ұзай қоймадық. Ел қазынасын еселеу жолында еңбек еттік. Құдайға шүкір, 30 жылға жуық өндірісте өткен өмірім мені құрмет пен қошеметке бөледі», – дейді кейіпкеріміз.
1958 жылы Ашхабадта туған Қожанапес Әбдіғалиұлы еңбекке ерте араласып өсті, содан да болар өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтыны бірден байқалады.
«Бір істі орта жолда қалдыру табиғатымда жоқ. Әр азамат өз ісіне ықтиятты болса, қоғам алға ілгерілей түседі деп ойлаймын. Әсіресе өндірісте бұл өте қажет», – дейді ол.
Бүгінде Асар кенорындағы №3 мұнай және газ өндіру цехында 96 адам жұмыс істейді. Тәулігіне 4 100 текше метр мұнай өндіретін цехта Қожанапес ағаның білігі мен кісілігін үлгі тұтатындар аз емес. Жетібай жерінде тұрақтаған Қожанапес аға адал жары Қарлығашпен немере сүйіп отырған бақытты шаңырақ иесі. Өндірістің ыстық-суығын бірдей көрген маман кенорнының кешегісінің куәсі, бүгінгісінің бел ортасында.
«26 жасымда Асарға келдім. Ол тұста қазіргідей жайлы орын, ыстық тамақ жоқ. Мезі қылатын меңіреу дала, жағдай қиын кез еді ғой. Бүгінгі Асар – бөлек Асар, жастар жағы қаумалап өндірісте жүр. Жаңа техника, жаңа леп», – деп әңгімесін түйіндеді мұнайшы.
Табыс пен тұрмыстың тұғыры – еңбек. 30 жыл ғұмырын өндіріске арнаған Кожанапес сынды жандардың қажыр-қайраты, білік-білімі жұртымызды қашанда мұратқа жеткізері хақ!
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!