Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Азия даму банкі 11 елдің темір жолының жай-күйіне зерттеу жүргізді. Оның ішінде Ауғанстан, Әзербайжан, Қытай, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Пәкістан, Тәжістан, Түрікменстан мен Өзбекстан бар, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Аталған зерттеу барысында бұл салаға инвестиция тартуды ұлғайту және коммерцияландыру мен реформалау әлеуетін арттыру қажеттігі анықталған.
Сондай-ақ аймақтағы сауда құрылымында болып жатқан өзгерістер, теміржол тасымалына деген сұраныстың артуына әкеліп отырғаны айтылады, бірақ бұл елдердегі тасымалдау операторлары бір-бірімен және өзге көлік компанияларымен жиі бәсекеге түсіп, көбінде шығынға батып жататын көрінеді. Сол себепті банк осы операторлардың жұмысын тиімді ететін негізгі реформаларды қарастыруды ұсынды. Бұл тұрғыда 11 елдегі теміржол қызметінің қаржылық тұрақтылығын арттыруға болатын бірнеше ұсыныстар жасалған:
Айта кетсек, 2021 жылдың 2 ақпанында Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістан өкілдері Ташкенттегі келіссөздерден кейін ұзындығы 573 шақырым, транзиттік әлеуеті жылына 20 млн тонна болатын «Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар» теміржол құрылысы бойынша бірлескен жоспарға қол қойған еді. Жобаны қаржыландыруға Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Еуропалық инвестициялық банк, АҚШ Халықаралық қаржылық даму корпорациясы қызығушылық білдірген.